Жаңалықтар

ҚХА этномәдени бірлестіктері кезектен тыс президент сайлауына үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды

ҚХА этномәдени бірлестіктері кезектен тыс президент сайлауына үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды
07.06.2019 10:09 4450

Елорданың этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауына қатысудың мән-маңызын талқылау мақсатында бірыңғай республикалық күніне байланысты арнайы жиналыс өтті.

DSC_0022.JPG

Оның барысында қатысушылар мен ҚХА жастар қанаты Елбасы саясатының стратегиялық бағыты, әлеуметтік тапсырмалары, бастамалары мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламары жайында пікір алмасып, «Қазақстанның болашақ Президенті қандай болуы керек» тақырыбы аясында ойларын ортаға салды.

Елорданың этномәдени бірлестіктері өкілдерінің мәлімдеуінше, «Қазақстан азаматтары ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жеріне қарамастан, кезектен тыс Президент сайлауының мемлекет заңнамасы мен халықаралық сайлау стандарттарына сай өтуін қамтамасыз етулері тиіс».

Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқы бірлігінің нығаюына, болашақта еліміздің тұрақты дамуына ықпалын тигізетін, елдегі кезектен тыс президент сайлауына үлкен жауапкершілікпен қарап, оның әділ де ашық өтуіне атсалысуға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға