Жаңалықтар

ҚХА БАСШЫЛЫҒЫ С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАТУ-ДЫҢ СТУДЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚХА БАСШЫЛЫҒЫ С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАТУ-ДЫҢ СТУДЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
06.11.2018 03:15 2204

 

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, «Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары Жұмағали Арыстан, «Жарасым» жастар ұйымы» республикалық ҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Ауыл – мемлекет тірегі. Қазақстанның болашақ аграршылары» жобасының жетекшісі Дмитрий Корепанов, оқытушылар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

 

ҚХА хатшылығының меңгерушісі жоғары оқу орны қабырғасында болып жатқан оң өзгерістерге қанағаттанатынын, бұл Елбасының Жолдауында белгіленген тапсырмалар контексінде қойылған міндеттерді орындауға сенім береді.

«Ауыл шаруашылығын дамыту келешегі туралы айтатын болсақ, менің ойымша, осы саладағы кез-келген адамның өзін-өзі жүзеге асыру үшін мүмкіндіктері әлдеқайда көп», - деді Леонид Прокопенко.

Сонымен қатар, Ассамблея басшысының орынбасары 2008 және 2014 жылдардағы дағдарысқа қарамастан, өндірістік көрсеткіштер бойынша соңғы жылдары аграрлық секторда оң нәтижелер байқалғанын атап өтті.

«Бұл ауыл шаруашылығы әлемдік конъектураның күрт ауытқуына аз байланысты екенін көрсетеді, алайда агросектордан мультипликативтік әсерді сауатты жоспарлау жағдайында ғана күтуге болады»,– деп мәлімдеді Л. Прокопенко.

Мемлекет басшысы қысқа мерзімде агросекторға ең озық технологияларды енгізуді тапсырды. Осыған байланысты Ассамблеяға ерекше рөл беріледі, атап айтқанда жергілікті жерлерде барлық аумақтық деңгейлерде – облыс орталықтарынан, қалалардан бастап, аудандар мен ауылдық округтерден аяқтай отырып, құрылған Қоғамдық келісім кеңестерінің тәжірибесі пайдаланылатын болады.

Қазақстан халқына Жолдау аясында ҚХА-на «Ауыл – ел бесігі» ауылдарды дамыту жобасын дайындау тапсырылды. Оның аясында ауылды дамыту және қолдауға арналған бастамаларды енгізуді жоспарлап отырмыз.  

Консультативтік-кеңес орган өңірлерде жаңа агротехнологияларды енгізу бойынша жол картасын жасады. ҚХА басшысының орынбасары екі құрылымның (ҚХА және ҚазАТУ – ред. ескертуі) құрылымын қолдануды және қыста шаруа қожалықтары үшін бірқатар семинар-тренингтер өткізу үшін ҚХА кәсіпкерлері қауымдастығының және Қоғамдық келісімдер кеңестерінің мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.

Университет аквакультураны дамытатын Атырау өңірінде агротехнологияларды табысты енгізудің мысалы ретінде бірегей кешенді шаруашылығы бар Ассамблея мүшесі Владимир Розметов аталды. Ол Жайық өзені жағалауында, қатал ауа райы жағдайында су деңгейін көтерді, өздігінен тазаланып отыратын тоған қазды, онда балық биологиялық балансты ұстап тұр. Қазір В. Розметов цитрус өсірумен қоса айналысады.  Оның оң тәжірибесі елдің басқа өңірлеріне зерттеу мен дамыту үшін ұсынылып отыр.

«Жоғары технологиялық ауыл шаруашылығының болашағы зор. Менің ойымша, Қазақстанда «organics» класының негізгі өнімі – әлемдік нарықта бірегей және сұранысқа ие екендігі өте маңызды. Көптеген елдерде тамақ өнімдерінің жетіспеу проблемасы генетикалық түрлендірілген организмдерді тұтыну есебінен шешіледі, бұл қоршаған ортаның ластануына әкеп соғады. «Organics» санатындағы өнімдерді өсіру – Қазақстанның әлемдік аренадағы маңызды мүмкіншілігі»,– деп атап өтті ҚХА басшысының орынбасары.

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да оқу үрдісі мысалында ЖОО-ның келешегін, оның бағыт-бағдарын тек студентке академиялық білім беру ғана емес, еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті білікті маманды дайындауға болады.

Спикердің айтуынша, ЖОО-ның ғылыми әзірлемелері арнайы енгізу бағдарламасын талап етеді. Осыған байланысты ол ҚазАТУ мен ҚХА базасында жаңа білімді тарату бойынша насихат орталығын құруды ұсынды. Осы технологиялар мен оларды енгізу туралы білім көптеген үлгілер бойынша жүзеге асырылады. Олар өзара бәсеклесуі тиіс.

 

Сонымен қатар сапар аясында университет ректоры Ақылбек Күрішбаев оқу орнының аумағында экскурсия жүргізді, атап айтқанда, оқу-тәжірибе цехтары, инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтары, ауыл шаруашылығын механикаландыру, 3-D визуализациялау залы, робототехника зертханалары және ГИС оқу орталығы (геоақпараттық жүйе) технологиялары көрсетілді.

Сол жерде презентация көрсетілді. Қатысушылар агроинженерия зертханасының жұмысымен және Қазақстан-Германия егіншілік орталығы: Гельмут Моор атындағы «CLAAS» фирмасының зертханасымен және John Deere кабинетімен танысты.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға