Жаңалықтар

ҚХА «Қазақтану» жобасы аясында Түркістан облысында республикалық лекторий өткізеді

ҚХА «Қазақтану» жобасы аясында Түркістан облысында республикалық лекторий өткізеді
03.09.2019 12:42 2435

3-5 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында Түркістан облысында «Ұлы даланың жеті қыры» «Қазақтану» жобасы шеңберінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекторий өткізеді.

«Қазақтану» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында жасалған бастамаға сәйкес, Қазақстан этностары арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталған.

Жобаның басты мақсаты – қай этносқа жататынына қарамастан, барша қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтарының және жалпыұлттық тарихи санасының негізінде халықтың бірлігін нығайту.

Республикалық лекторийге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Қоғамдық Келісім және Аналар кеңесінің мүшелері, Ғылыми-сарапшылық тобы және кафедралары, құқыққорғау органдарының қызметкерлері мен ҚХА Жастар қанаты қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға