Жаңалықтар

ҚХА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ БАСТАУ АЛАДЫ

ҚХА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ БАСТАУ АЛАДЫ
04.01.2019 06:07 2141

5 қаңтар күні Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған республикалық қайырымдылық акциясы аясында ҚХА-ның 2019 жылға арналған «Қайырымдылық керуені» іс-шаралары бастау алады.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасарлары Л. Прокопенко, И. Салжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен қорлар, этномәдени бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысады.

Акция аясында «достық дастарханына» жиналатын елордалық этномәдени бірлестіктердің ақсақалдары мен ел ағалары Астана қаласындағы «Аналар үйінің» балалары үшін «бесік той» және «тұсау кесу» ұлттық дәстүрлерін өткізеді.

Акция барысында ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділері көмекке мұқтаж отбасыларына, халықтың осал топтарына сый пакеттер үлестіреді. 

Осындай іс-шаралар барлық өңірлерде ҚХА-ның Достық үйлері негізінде өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға