Жаңалықтар

ҚХА: Астанамыз Нұр-Сұлтан бірліктің, татулық пен өркендеудің символына айналуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек

ҚХА: Астанамыз Нұр-Сұлтан бірліктің, татулық пен өркендеудің символына айналуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек
26.03.2019 05:38 2905

Құрметті отандастар!

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері – этномәдени бірлестіктердің, Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, ҚХА кафедралары қауымдастығының, Қоғамдық келісім кеңестерінің, Аналар кеңестерінің, Ассамблеяның журналистер мен сарапшылар клубының, Медиаторлар кеңестерінің, Кәсіпкерлер қауымдастығының, республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, Ассамблеяның қоғамдық ұйымдары мен мекемелерінің өкілдері,  астананың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілуін тұтастай және толығымен қолдаймыз. 

Астанаға Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі берілуі – Елбасының тәуелсіз Қазақстанды құрудағы аса зор еңбегін мойындап, бағалау болып табылады.   

Біз Қазақстан астанасын көшіру Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жобасы және ел тарихының жаңа парағын ашқан бастамасы екендігін ерекше атап көрсетеміз.   

Осы қадамның арқасында Қазақстан қиын-қыстау уақытта өтпелі кезеңнің қиындықтарын сәтті еңсерген даму серпініне ие болды.  

Бүгінде, Елбасы ел дамуының жаңа кезеңін ашқан кезде, астанаға Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі берілуі – бүкіл әлемге Қазақстанның егемен, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі дамуында  Нұрсұлтан  Назарбаевтың стратегиялық бағытының өзгермейтіндігі әрі сабақтастығының белгісі болып табылады. 

Сол арқылы Қазақстан өзінің ел дамуындағы конституциялық қағидаттар – қоғамдық келісім мен саяси орнықтылықтың, этносаралық және конфессияаралық татулықтың, қазақстандық патриотизмнің мызғымайтындығына нық бейілділікті танытады. 

Саяси көшбасшылығы мен бұлжымайтын ерік-жігерінің арқасында Елбасы еларалық қатынастарда биік адамгершілік стандарттарды орнықтырды, еліміздің көпвекторлы бейбітсүйгіш сыртқы саясатын дамытуға қосқан үлесі, ядролық қарусыздану жөніндегі дәйекті күш-жігері, халықаралық аренада сенім мен өзара іс-қимыл атмосферасын қалыптастырғаны үшін халықаралық қауымдастықтың терең құрметі мен ризашылығына ие болды. 

Біз Ұлы Дала елінің бұдан кейінгі ұрпақтарының барлығы үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген тарихи еңбегі халыққа шексіз беріле қызмет етудің және Азаттық пен Тәуелсіздің идеяларына адалдықтың үлгісі болуы керек деген терең сенімдеміз. 

Астананың Тұңғыш Президент есімімен аталуы – бұл біздің азаматтық парызымыз және Қазақстан халқының алдындағы еңбегі үшін Елбасыға шынайы ризашылығымыз. 

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан біздің Қазақстан экономикалық тұрғыдан қуатты және өркендеген ел болуы, ал оның азаматтары баршылықта, татулық пен келісімде өмір сүруі үшін болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілігімізді білдіреді.  

Біз Қазақстан тарихында Нұр-Сұлтан есімі «Мәңгілік Ел» ұғымымен, жалпыұлттық тарихи санамен, жоғары рухани құндылықтардың ортақтығымен ажырағысыз байланыста қалатынына нық сенімдеміз. 

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, осы тарихи қадамға нық пейілмен қолдау көрсетеміз және еліміз азаматтарын ұлттық бірліктің уақыт сынынан өткен «бір халық, бір ел, бір тағдыр» қағидаттары негізінде шоғырлануға шақырамыз. 

Астанамыз Нұр-Сұлтан қасиетті қазақ жеріндегі бірліктің, татулық пен өркендеудің символына айналуы үшін біз қолымыздан келгеннің бәрін де істеуіміз керек! 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы,

Нұр-Сұлтан қаласы  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға