Жаңалықтар

Кез келген мөлшерде жеуге болатын 10 тағам

Қанша жесеңіз де дене бітімге әсер етпейтін тағамдар
Кез келген мөлшерде жеуге болатын 10 тағам
08.01.2018 15:28 21306

Арықтауға ниет қойған болсаңыз, тамақтан тыйылу қашан да қиынға соғары сөзсіз. Олай болса қуана беріңіз, күні бойы аузыңыз құрғамаса да, дене бітіміңізге мүлде әсер етпейтін, калориясы өте төмен тағамдар бар екен.

El.kz редакциясы диета кезінде ойланбастан жей беруге болатын тағамдарды тізбектеуге тырысып көрді.

Балдыркөк (сельдерей)

Балдыркөктің құрамы 95 % судан құралған. Сол себепті энергетикалық құндылықтан ада деп айтуға толық негіз бар. Есесіне 30 % К дәруменіне бай тағам. Мүмкіндігінше балғын күйінде сатып алуға тырысыңыз, 5 күннен кейін құрамындағы пайдалы дәрумендер жойылып кетеді.

Жұмыртқаның ақуызы

Жұмыртқаның ақуызын көп мөлшерде тіпті қатаң диета ұстанушылар да жей берсе болады. Тіпті қызынақпен араластырып, омлет жасасаңыз да еш айыбы жоқ. Тек бір нәрсені естен шығармаған жөн, егер дене бітіміңізді ойлсаңыз ақуызды майға қуырудан аулақ болыңыз.

Қияр

Балдыркөк секілді қиярдың да құрамы судан тұрады. Ең пайдалы қиярға ұсақ әрі кітірлек қияр саналады. Пайдалану барысында сыртқы қабығын аршудың қажеті жоқ. Себебі, ағазаға керекті бета-каротин дәрумені қиярдың қабығында сақталады.

Қызанақ  

Қызанақтың құрамында ликоптин, А және С сондай-ақ В2 дәрумендері, фолий қышқылы, жасұнық (клечатка), хром мен калий бар.

Брокколи

Брокколи – көпшілік арықтауға ден қойған жандардың сүйікті тағамы. Құрамы А, С, Е, І, К дәрумендеріне бай. Кез келген уақытта, кез келген мөлшерде тұтынсаңыз да дене бітіміңізге мүлде әсері жоқ.

Теңіз балдыры

Теңіз балдыры ең әуелі көп мөлшерде йодқа бай тағам. Сол себепті құрамындағы энергетикалық құндылығы сақталмаған тағамдар қатарына кіреді.

Грейпфрут

Грейпфрут қан құрамындағы қантты қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар ол С дәруменіне бай жеміс. Энергетикалық құндылығы өте төмен болғандықтан керісінше арықтауға септігін тигізеді.

Қауын  

Қауынды жүрек жалғау мақсатында тұтыну бәріне ұнайтын шығар. Қауынның да энергетикалық құндылығы төмен. Есесіне бір жапырақ қауын жесеңіз, ағзаңызды бір тәулікке жетерлік А және С дәруменімен байытасыз.

Таңқурай (ежевика)

Таңқурай антиоксидант пен С дәруменіне бай жидек. Бұған қоса дәмі тіл үйіреді. Еш алаңсыз жей беруге болады.

Апельсин

Апельсин – ең тәтті әрі танымал жеміс. Құрамы С дәруменіне өте бай. Апельсиннің қабығы мен ортасындағы жемісін жалғап тұратын ақ қаптама жасұныққа бай. Сол себепті оны тазалап тасатамай, бірге тұтынған ағзаға өте пайдалы.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға