Жаңалықтар

«Кейбір кәсіпкерлердің құлағы естімейді». Бозымбаев тасқынға көмек көрсетпегендер туралы

«Кейбір кәсіпкерлердің құлағы естімейді». Бозымбаев тасқынға көмек көрсетпегендер туралы
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 25.06.2024 12:05 604

Үкімет баспасөз брифингінде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 25 маусымдағы жағдай бойынша су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үйіне демеушілерден барлығы 250,5 млрд. теңге қаражат жиналғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, көмектескен кәсіпкерлерге президент өз алғысын білдіргенін атап өтті.


Бұл демеушілер қаражатты марапат алу үшін беріп отырған жоқ. Тек олар халқымызды аяп, «қандай көмек көрсете аламын» деген мақсатта таза оймен қаражат беріп отыр. Сондықтан мен осы кісілердің дайындықтарымен 100 пайыз айналысамын. Олар өздері қаржының толыққанды жұмсалуын бақылайтын болады. Ал өңірде қанша пәтер сатып алу керек, оның сапасы, мердігерлердің бәрін қадағалайтын боламыз, – деді Бозымбаев.

Сонымен қатар көмек көрсетуден қалыс қалған кәсіпкерлерге қатысты «көмектесе ме, көмектеспей ме, оны өздері білсін» деді.

Біз құлақ асатын мемлекет деп айтамыз ғой. Кейбір кәсіпкерлердің құлағы естімейді, енді біреулердікі естиді. Ал демеушілік көрсетіп отырғандар егемендік алған кезден бері қолжетімді көмек көрсетіп келе жатқан ұйымдар мен кәсіпкерлер, – деді Қанат Бозымбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға