Getty Images/Global Images Ukraine

Кевин Де Брёйне Қазақстанмен матч алдында ауыр жарақат алды

28.10.2025 06:30

«Наполи» клубының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне жамбас бұлшықетін жарақаттап алды. Бұл туралы италиялық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Сенбі күні өткен Серия А ойынында «Наполи» өз алаңында «Интерді» 3:1 есебімен жеңді. Де Брёйне пенальти орындау кезінде жарақат алып, бірінші таймда-ақ алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, бельгиялық футболшы 2025 жылдың соңына дейін алаңға шықпайды. Осылайша, ол 15 қарашада әлем чемпионатына іріктеу аясында Бельгияның Қазақстан құрамасымен өтетін ойынына қатыспайды.

Биылғы маусымда Де Брёйне «Наполи» сапында 11 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.