KeshYou-дың мерейтойлық концерті: «алтын құрам» сахнаға қайта оралады

 BM PRODUCTION
Фото: BM PRODUCTION

KeshYou тобының продюсері Баян Алагөзова көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Ол алда, 29 мамыр күні Республика сарайында өтететін концертте Жанар Дұғалованың өнер көрсететінін мәлімдеді. Демек, жанкүйерлер «алтын құрамның» сахнаға шығуын асыға күтеді. 

Иә, 29 мамыр күні Алматыдағы Республика сарайында Keshyou тобының 20 жылдық мерейтойына арналған ғаламат кеш өтеді. Неге ғаламат деп отырмыз, себебі продюсердің өзі кешке қызу дайындалып жатқанын, көзжауын алатын костюмдер тігіліп, көп қаржы жұмсағанын атап өтті. 

Keshyou-дің 20 жылдығына қызу дайындық жүріп жатыр. Қыздар «Сүгірдің термесінен» бастап, репертуардағы барлық әнді орындайды. Көпшілік Жанар Дұғалова жайында сұрап жатыр. Ол міндетті түрде концертке қатысады. Концертке 45 күн қалды. Кееремет шоу болатынына сенімдіміз. костюмнің өзі неге тұрады? Ал бағасын білсеңіздер... деп айтты Баян Алагөзова instagram парақшасында. 

фото: Баян Мақсатқызының Instagram Story-інен 

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, концертте топта өнер көрсеткен барлық қатысушылар бас қосады. Мысалы, Мөлдір, Зумрад,Әнел үштігі «Сүгірдің термесі», «Арман-ай», «Персона» мен «Әдемі қыз» әнін орындайды. Көптің махаббатына бөленген «алтын құрам», дәлірек айтқанда Жанар, Кәмшат, Айдана болса «Ризамын», «Туған жер», «Махаббат» әнін шырқайды. Ал Ақбота, Балжан, Жұлдыз үштігінің еншісіне тигені – «Келші жаныма», «Рухты ару», «Қайтар жүрегімді», «Қуыршақтар». Элизат, Назым, Балжан үштігі «Қалай ғана?», «Қазағымның арулары-ай», «Swala Lala» әнін айтады. Топтың бес жыл бойы өзгермеген құрамы– Балауса, Наргиз, Ләззат үштігі «Ұят емес», «Мұның бәрі», «Жаса, қазағымның арулары» әнін әуелетеді. Ары қарай Ләззат, Диана, Сагдиана «Я красива», «Тыңда», «Абьюз», «Маған қара» әнін орындайды. Кеш соңында Баянның қыздары бірігіп, «Қазақ қыздары» әнін шырқайды. Елестетіп көріңіз, нағыз эстетика толы,  рухты арулардың үні Алматыны әнге бөлейтін кеш болмақ. Баян Мақсатқызы да таңдай қағатын концерт өтетініне сенімді.

Бұдан бұрын, продюсер Instagram парақшасында топ жайлы деректі фильм түсіріп жатқанын, онда   ұжымның 20 жылдық тарихы, сахна сыртындағы шындығы мен топтың басынан өткен түрлі оқиғаны ашық көрсететінін айтқан.

Естеріңізде болса, 2016 жылы 24 мамырда KeshYou тобы Республика сарайында 10 жылдық мерейтойына орай концерт берген. Сол концертте топтың экс-солистері өнер көрсетіп, «Қазақ қыздары» әнін бірге орындаған. Ал 29 мамырдағы концертке кімдердің қатысатыны туралы ақпарат жақында белгілі болады. 

KeshYou тобы 2015 жылы  Азияның 50 үздік Girls Band тізіміне енді.  Түркия, Ресей, Қытай, Франция, Германия, АҚШ, Қырғызстан, Әзербайжан елінде концертке қатысты.  

Оқи отырыңыз