«Кешірші, аққу, бізді кешірші». Ақтаулық мұғалім киелі құстардан кешірім сұрады
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
18.01.2024 15:34
2208
Ақтаулық мұғалім киелі құстардан кешірім сұрап, жан тебірентерлік бейнежазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол қос қанаттылардың жаппай қырылуына адамдардың қоршаған ортаға жасаған қатігездігі себеп деді. Видео авторы химик-биолог Бақытгүл Жақсылықованың айтуынша, тұрғындар айналаны ластап, табиғатқа жанашырлық танытпай отыр.
Әлеуметтік желіде жылдам таралған видео көпшіліктің көңілінен шығып, үлкен қолдау тапты.
Айта кетейік, Қаракөл көлінде 2023 жылдың 21 желтоқсанынан бастап аққулардың жаппай қырылуы басталды. Содан бері 600-ден астам құс өлгені ресми тіркелді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бахтиёр Зайнутдинов «Бешікташ» сапында үздік деп танылды
Келесі жаңалық
Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды