Кеше коронавирус жұқтырғандар саны 100-ден асты
EL.KZ Информационно-познавательный портал
15.03.2023 10:09
Фото:
techinsider.ru
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министрліктің мәліметінше, 14 наурызда 109 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 5 адам пневмонияға шалдыққан.
Елімізде вирус жұқтырғандар саны үш күннен беру көбейіп барады. 12 наурыз күні - 44, 13 наурызда - 86 қазақстандықтан коронавирус індеті анықталған еді.

