Бейнежазбадан скриншот

"Керемет сұлулық": Backstreet Boys жанкүйерлері Алматыға жиналды

Алматы аңызға айналған Backstreet Boys тобының жанкүйерлері үшін әлемдік кездесу орталығына айналды. Жылдар бойы адалдығын дәлелдеген тыңдармандар әлемнің әр түкпір-түкпірінен осында жиналып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бүгін мегаполис қала күніне орай ұйымдастырылған жылдың ең күтілетін музыкалық оқиғаларының бірі – Орталық стадионда өтетін Backstreet Boys концертіне куә болмақ. Таңертеңнен-ақ мерекелік көңіл-күй сезіледі: стадион маңына мыңдаған жанкүйер жиналған, олардың көбі алғаш рет Алматыға келген.

Қытайдан келген адал тыңдарман Кайшин әсерімен бөлісті.

Мен, бәлкім, 27 жыл бойы Backstreet Boys-ты соңынан еріп жүрген шығармын, нағыз „Жанкүйерлер дауысы“ шоуының қатысушысы сияқтымын! Алматыға алғаш рет келдім, қала өз сұлулығымен және мұндағы адамдардың мейірімділігімен таңқалдырды. „I Want It That Way“ — менің ең сүйікті әнім. Бүгін оны мыңдаған дауыспен бірге тірідей естимін,  - деді ол. 

Сахалиннен ұшып келген Ирина Ден де қуанышын жасырмады.

Мен Backstreet Boys жанкүйері болғаныма 27 жыл болды. Бұл – менің алғашқы концертым. Бұған дейін бірнеше рет тырысқаныммен, сәті түспеді. Ал дәл осы Алматыда арманым орындалмақ. Подругаларыммен бірге екі күннен бері қаланы аралап жүрміз — мұнда керемет әдемі екен, - деді Ирина Ден. 

Лас-Вегастан арнайы келген Юлия Пелецкая да әсерін жеткізді.

«Алматы маған қатты ұнады — әдемі әрі өзіндік ерекшелігі бар қала. Бүгінгі кештен драйв пен эмоцияның тасқынын күтемін», - дейді шетелдік мейман. 

Көптеген көрермен үшін бұл кеш – жай ғана концерт емес. Бұл — арманның орындалуы, музыканың, сезімнің және қаланың бірлігін паш ететін сәт.

Бұған дейін Орталық стадион Дженнифер Лопестің жарқын шоуын қабылдап, мыңдаған көрерменді жинаған еді. Енді эстафетаны Backstreet Boys жалғастырып, Алматының әлемдік деңгейдегі жұлдыздар мен жанкүйерлерге ашық аймақтың музыкалық орталығы ретіндегі мәртебесін бекіте түсті.

Алматы осындай мәдени шараларды қабылдай отырып, тағы да дәлелдеп отыр. Бұл – әрбір қонақ өзін үйіндегідей сезінетін қала болмақ.