Жаңалықтар

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Әуесқой фотограф, жылнамашы, өлкетанушы Д. Багаев.
Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?
26.12.2016 11:04 8493

Дмитрий Багаев музей-үйі аталатын мәдени ошақ Павлодар қаласында орналасқан. Шаһардың Ленин көшесінде тұрған бұл ағаш үйде 1905-1958 жылдар аралығында Керекуден шыққан тұңғыш әуесқой фотограф, жылнамашы, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүрген.

Суретте Дмитрий Багаев

Фотограф Дмитрий Багаев тұрған көне ғимарат бүгінде автордың музей-үйі ретінде жұмыс істеп тұр. Музейдің ең құнды жәдігерлері ретінде –  автор түсірген Кереку өңірінің тарихы мен мәдениеті, халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін тарихи фотосуреттерді айтамыз.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Дмитрий Багаев кім?

Дмитрий Поликарпович 1884 жылы 5 қыркүйекте Вятка губерниясының Туманы ауылында  қарапайым шаруа қожасының отбасында дүниеге келген. Дмитрий Багаев жазған күнделіктеріндегі деректерге сүйенсек, әкесі ұлтарақтай жерді игерсе де отбасын асырай алмағандықтан Солтүстік Двина кемелерінде матрос болып қызмет еткен. Ауыр жұмыс денсаулығына зиян келтіріп, Поликарп Багаев ерте қайтыс болған екен. 7 жасында жетім қалған Дмитрий еңбекке ерте араласып, анасына көмектесті. Алғашқыда бақташының көмекшісі, кейін кірпіш заводында жұмыс істеді. 15 жасында ол  ауылдың ересек адамдарымен қатар матрос болып қызмет жасау үшін сапарға аттануға бел буады.  Алайда, тағдыр Дмитрий Багаевтың болашағын  Кереку қаласымен тығыз байланыстыратынын бала Дмитрий сол кезде мүлде сезбеген еді. Өмірдің ағысы Дмитрийді Керекуге айдап әкелді. Оның  әкесі Поликарп Багаевтың інісі Назар сол кезде Павлодар қаласында Артемий Деров атты бай көпестің атқосшысы болып жұмыс істейтін еді. 1899 жылы көктемгі масленница мерекесі күндерін тойлау үшін Назар көпестің әйелін ат шанамен апара жатып, апатқа ұшырайды. Аттар адамдардың қатты дауысынан үркіп, атқосшыға бағынбай қатты шаба жөнеледі. Осы кезде шана қар үстіне аунап, көпестің әйелі ауып құлайды. Бағына қарай ол аман қалғанымен, бой бермей шауып кеткен ат шанасының астында қалған Назарды жылқылар бір көшеге сүйреп әкетеді.  Назар қатты жараланып, бір аптадан кейін қайтыс болады. Өлер алдында ол қожайынынан Диманы қалаға алдырып,  жұмыс беруін сұрайды. Деров өзінің жылқышысына берген уәдесінде тұрып, Туманы деревнясына хат жазып, Дмитрийді жұмысқа шақырады.  Диманың анасы көп ойланбай, баласының киімін жинап, бірінші кемемен Павлодарға аттандырады. 1899 жылы үлкен шаһарға келген Дмитрий акционері Деров болып табылатын Тау-өнеркәсіп қоғамында іс-қағаздар тасушы, кейін кеңсе хатшысы болып жұмыс істей бастайды. Көпес Дмитрийдің сауатты әрі жазуы жақсы екенін байқап, оған көркемжазу және каллиграфия үшін құралдар жаздыртып алдырады. Осылайша Дмитрий Тау-өнеркәсіп қоғамында жұмыс істеп жүріп, бірде приказчиктердің бірінің қолынан фотоаппарат көріп қалады. Дмитрийдің фотоға түсіру өнерін меңгеруге деген құштарлығы оянып, приказчиктен фотоға түсіруді үйретуін сұрайды.

Дмитрийдің фотоөнерге келуі

Алғаш рет 16 жасында қолына фотоаппарат ұстаған Дмитрий өмірінің соңына дейін оны өзіне серік етті. Жұмыстан қолы қалт етсе бос уақытын фотоға түсіру ісін зерттеуге жұмсап, үнемі шығармашылық ізденісте жүрді. Багаев қолға алған ісін тереңдетіп үйрену үшін 1903 жылы Омбы қаласында тұратын Батыс Сібірдің белгілі фотографы Коркинге хат жазып, фотосуреттерін салып жібереді. Көп уақыт өтпей ол Коркиннен оқуға шақырту хат алады. Осылайша ол екі жыл бойы көмекші ретінде Коркиннің шеберханасында тәжірибе жинақтайды. Жас маманның кәсіби деңгейі өсіп,  ұстазы мен тәлімгерінің жұмыстарын айыру қиынға соғатын мезгіл жетеді. 1905 жылы Дмитрий Багаев Павлодарға қайтып келіп, бүгінде музей-үй ретінде жұмыс істеп тұрған ғимаратты Керекудегі тұңғыш фотосалон ретінде ашады. Әуелгіде осы үйді жалға алып, кейіннен 500 рубльге сатып алып, оның толыққанды иесіне айналады. Содан кейін Багаев 1905 жылы Семей генерал губернаторының фотоға түсіруге рұқсат берген қағазына қол жеткізіп, адамдарды фотоға түсіре бастайды.

Автордың қаланың саяси өміріне қосқан үлесі

Дмитрий  Багаев фотоға түсірумен қатар қаланың саяси өміріне де белсенді араласқан тұлға. Ол Борис Гильманның социал-демократиялық үйірмесіне кіреді. Үйірмеде жүріп, ол Омбыдан Семей түрмесіне жіберілген саяси тұтқындарды фотоға түсірген. Музей сөресінде тұрған «Этаппен» (1907ж. ) атты фотосуретте Павлодар қаласының  шетжағында орналасқан колонна тұтқындары мен винтовка асынған қарауылды көруге болады. Багаев бұл суретті өз бостандығына қауіп төніп тұрғанына қарамастан, фотоаппаратын тұлыптың ішіне тығып, сап түзеп кетіп бара жатқан тұтқындарды жасырын фотоға түсірген. Кейін осы сурет «Советский Союз» журналында орыс және ағылшын тілдерінде жарық көріп, бүкіл әлемге танылды. Журналдардың түпнұсқасы музейде сақталған, ал сөреде журналдың бір беті көрсетілген.

Музей сөресінде сондай-ақ автордың 1912 жылы шеберлігі үшін алған тұңғыш марапаты «Тамбов фотография қоғамының мақтау қағазын» көруге болады.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Сәл төменіректе 1915 жылы  шебердің өзі түсірген осы музей-үйдің суреті бар.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Байқасаңыз маңдайшасында «Багаевтың фотографиясы» деген жазу бар.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

– Өз заманында Мәскеудегі Фишер қоғамы Дмитрий Багаевтың суреттері бейнеленген пошталық ашық хаттар шығарып тұрған екен, – дейді Дмитрий Багаев музей-үйінің басшысы Талғат Адамов. – Дмитрий фотоөнерді жақсы меңгеріп, шығармашылығын дамыта түскен сәтте өз шығармашылығының негізгі мақсаты мен өзегі – Кереку өңірінің тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін боямасыз фотосуреттер болу керек деп шешті.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Қазақ халқының көшпенді өмір салты тарихтың қойнауына кетіп бара жатқанын сезген ол халықтың тұрмыс-тіршілігін сурет өнері арқылы дәріптеуді, кейінгі ұрпаққа жеткізуді мұрат етті. Бүгінде музей жәдігерлерін құнды етіп тұрған тарихи фотосуреттің әрқайсысы  қазақ халқының тұрмысынан, салт-дәстүрінен хабар беріп тұр.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім? 

Талантты фотограф Дмитрий Багаев үнемі жыл маусымының әр кезеңін бейнелейтін, тарихи фотолар түсіруге тырысты. Ол алыс елді мекендерді атпен тіпті кейде апталап жаяу аралап, бұқара халықтың тұрмыс-тіршілігін, кәсібін, ұлттық киімдерін суретке түсірген.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Дмитрий Багаев өткен ғасырдың 20 жылдарында өлкетанушы ретінде қайталанбас суреттер түсірді. Ол шығармашылық жұмыстарын толықтыру мақсатында Павлодардың алыс-жақын өңірлерін, оның ішінде Баянауылдың әсем табиғаты мен көрікті жерлерін көптеп түсірді. Оның қолынан шыққан суреттер топтамасы, қайталанбас жинақтар кейінгі ұрпаққа қаз-қалпында жетіп отыр.  

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Павлодар қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы-тарихшы маман Э. Д. Соколкин «Наша жизнь» атты қоғамдық-саяси газетке жазған «Багаев және оның замандастары» атты мақаласында келесідей деректер келтіреді: «30 жылдардың басы. Қазақстанның тарихындағы ең бір ауыр кезең. Күшпен ұжымдастыру, мүлікті конфискациялау, халықты күшпен жою мақсатында ашаршылықты қолдан ұйымдастыру, малды қыру, тартып алу секілді құйтұрқы әрекеттер барлық өңірлерде жүзеге асып жатқан кезең. Багаев дәл осы тарихи трагедиялық оқиғаларды фотоға түсірді. Саясаттың екі қырын да камера назарына іліктіре білді. Алайда, билік тарапы Багаевтың бұл әрекетін құптамаса керек, бұл істі ақырына дейін жеткізуге жол бермеді».

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Музейге саяхат

Музейдің бірінші залында шебердің жұмыста қолданған жеке заттары: жазу стөлі, вена орындықтары, қызы Валентина сыйға тартқан портативті жазу машинкасы секілді өзге де үй жиһаздары қойылған.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Музей басшысы Талғат Адамовтың айтуынша, Дмитрий Багаевты танымал еткен оның әйгілі фотопортреттері ғана емес, осы өлкенің тарихын фотосуреттермен көркем жеткізе білген өлкетанушылық қыры болса керек.  Ол өмір бойы ол ғылыми-зертеу жұмыстарымен шұғылданған. Багаев орыс география қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің мүше корреспонденті болды, облыс бойынша палеонтологиялық және этнографиялық экспедицияларға қатысқан. 

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Музейдің келесі залында Багаев түсірген фотолардың түпнұсқасы қойылған «ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының өмірі мен тұрмыс салты» атты фотокөрме ұйымдастырылған.  

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Бұл суреттерде жергілікті халықтың тұрмыс-салты, көшпенді тарихы,  этнографиясы, салт-дәстүрі бейнеленген.

Келесі залда шебердің өзі түсірген, балаларының фотосуреттері, «Бұзауға мінген бала», «Бидай тарту», «Алғашқы қадам», «Бесік жанында», «Алтыбақан», «Алғашқы өнім» секілді атаулары бар нағыз фотоөнердің  жауһарлары тұр. Бұл залда Багаевтың отбасы пайдаланған заттары қойылыпты.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Үшінші залда «ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының өмірі мен тұрмыс салты» деп аталған фотосуреттер сериясы жалғастырады.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Музейдің төртінші залы өз заманында нағыз келушілерді суретке түсіретін студия болған екен. Автор студияның павильонын жарық техникасымен жабдықтап, шыны қабырғамен қапталған.

Мұндағы мені қызықтырған ең көне жәдігер – «Модерн» стилінде қызыл ағаштан жасалған жиһаз болды. Көптеген павлодарлық тұрғындар үшін отбасымен фотоға түсуге мүмкіндік алып, альбомдарында естелік ретінде сақталып қалды. Жоғары сапада түсірілген фото-портреттердің түпнұсқасы студия сөрелерінде сақтаулы тұр.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Фотопавильонның басты экспонаты ретінде – Багаев 1928 жылы Мәскеуден алып келген Австрияда жасалған «Foigtlender & sohn» бірегей фотокамерасы саналады. Осы кезден бастап павильонда түсірілген фотосуреттер сол камераның көмегімен жасалды. Арнайы витринада миниатюра фотопортреттер көрсетілген, шыны негативтерді кептіретін қолдан жасалған тағандар және Дмитрий Поликарповичтің өзі жасаған фотосуреттердің шеттерін кесетін кескіштер, шебердің алғашқы фотоаппараттарының бірі «Фотокор» бар. Сөре жанында 50-ші жылдардың фотоаппараты және құрастырмалы тағанды жол камерасы бар.

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Керекуден шыққан тұңғыш фотограф кім?

Дмитрий Багаевтың музей-үйі Павлодар қаласындағы Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесі екенін айта кеткен жөн. Музейдің негізін қалаған Дмитрий Багаев болды. Дмитрий Поликарпович өмірінің соңына дейін өзі негізін қалаған өлкетану музейінде директорлық қызмет атқарды. Ол 1958 жылы 23 шілдеде қайтыс болды.

Дмитрий Багаев музей-үйі – республика көлемінде жалғыз фотография музейі екенін ерекше атап айтқан жөн. Музейдегі жәдігерлер келушілерге өткен ғасырдың 1905 жылдан бастап 40-50 жылдарға дейінгі Ертіс бойын жағалаған Кереку халқының тұрмыс-салты мен мәдениетінен сыр шертетін шежірелі суреттерін таныстырады. Сондай-ақ Багаев заманының фотоөнер мәдениеті туралы түсінікті толықтыра түсері анық.

Музей қорындағы өзге де тарихи фотосуреттермен танысқыңыз келсе мына сілтемеге өтіңіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға