Жаңалықтар

Керекудегі этномәдени бірлестіктер

Мәдени тыныс
26.04.2016 07:49 4989

1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанға дейін Кереку өңірінде  тиісті ресми тіркеуден өткен сегіз этномәдени бірлестік жұмыс істесе, қазіргі таңда 24 облыстық және қалалар мен аудандарда орналасқан 86 этно-мәдени бірлестік  жұмыс атқаруда.

 Керекудегі этномәдени бірлестіктер

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан бірқатар қоғамдық құрылымдар ашылды. Атап айтар болсақ, «Ақсақалдар алқасы» ақсақалдар кеңесі, этникалық тақырыбы бойынша ғылыми-сарапшылық топ, тілшілер клубы, қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі.

Қанат Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінде 17 ұлттық оқу бөлімі  мен 2 қазақша және орысша мәдениет орталығы жұмыс істейді. Жылына мектепте 500-ден аса оқушы білім алады.

2010 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрамына аймағымыздың С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты және Инновациялық Еуразиялық университетінің жетекші ғалымдары енген ғылыми-сарапшылық топ қалыптасты. 

  • 2014 жылдың 1 наурызында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы ашылды.
  • 2014 жылдың 16 маусымында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Еуразилялық интеграция орталығы ашылды.
  • 2015 жылдың 1 қыркүйегінде  Инновациялық Еуразиялық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының орталығы ашылды.
  • С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жанында «Бірлік» студенттер ассамблеясы жұмыс атқаруда.

Керекудегі этномәдени бірлестіктер 

–Жыл сайын облыстық ассамблей мен этно-мәдени бірлестіктер елдегі тұрақтылық пен этносаралық татулықты нығайтуға, қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеп, Қазақстан халқының рухани мол мұрасын сақтауға бағытталған 500-ден аса шараларды өткізеді, – дейді Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Оразгелді Қайыргелдинов. – Қазақстан халқының бірлігі мен достығын насихаттау мақсатында облыста жыл сайын «Сан алуандықтағы бірлік»  атты этникалық мәдениет фестивалі өткізіледі,  шара  негізінен қазақстандық  біртұтастықты қалыптастыруға, рухани бірлік идеяларын, жастарды қазақстандық патриоттылыққа тәрбиелеу, қазақстанда тұратын ұлттық мәдениетті әрі қарай дамытуға бағытталды. Сондай-ақ жыл сайын «Бір шаңырақ астында» атты жазғы фестиваль өтеді. Шара аясында қалалық мәдениет және демалыс саябағында арнайы бекітілген кестеге сәйкес ұлттық мәдениет мерекелері өткізіліп тұрады.

Бұдан өзге дәстүрлі түрде республикалық және шекаралас өңірлердің жастар бірлестіктері лидерлерінің қатысуымен шекаралас әріптестіктің «Бірлік-Единство. KZ» жастар этномәдени форумы өткізіледі. Сонымен қатар, «Ертіс-достық өзені» атты халықаралық әріптестіктің этнофестивалін өткізу дәстүрге айналған.

«Патриот» пікірталас клубы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, этномәдени дәстүрлер мен достықты насихаттайды.

«Біз қазақстан халқы» үгіт-пойызы сапарға шығып, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этно мәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады. Сапар барысында олар ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын, қазақстанның Ел бірлігі доктринасын түсіндіру және ҚХА этномәдени бірлестіктерінің мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру және қоғамды-әлеуметтік жаңғыртуға қатысуы жөніндегі жұмыстарды ақпараттандыру мақсатында қалалар мен аудандардың елді-мекендерін аралайды.

Ассамблея мен этномәдени бірлестіктер «Тілдердің үштұғырлығы» жобасының жүзеге асырылуына, басқа этнос өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне көңіл бөліп отыр.

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі құрамына облысымыздың этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты кіреді, ол 2001 жылы құрылды.

Керекудегі этномәдени бірлестіктер

Жастар бірлестіктерінің басты мақсаты өзара сыйластық, отансүйгіштік, Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен тарихына құрметпен қарау, жас буынның азаматтығын қалыптастыру, ұлттық бірліктің маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді меңгеру қажеттілігін насихаттау болып табылады.

Қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ортақ Отанымыз Қазақстанның біртұтастығын, туған елмен терең байланысын сезінуі үшін алдымен, жас буынды ел рәміздерін құрметтеуге баулудың орны бөлек. Жастар бірлестіктері өкілдері  «Менің Қазақстаным», «Қазақстан патриоты болу – Отаныңды жүрегіңде ұстау», «Біз бір командадамыз» атты шаралардың белсенді қатысушылары.

Бұл тұста «Патриот» жастар пікірталас орталығының орны ерекше екенін атап өткен жөн. Жоспарлы түрде өткізілетін мәжілістерде «Нағыз патриот ол кім?», «Қазіргі заманғы Қазақстандық қандай болуы керек?», «Толеранттылық – бұл төзімділік пе?» даган тақырыпта өзекті мәселелер қызу талқыға түседі.

Үйлестіру кеңесі – мемлекеттік тілде өтетін патриоттық әндер байқауын ұйымдастырушы және жастар бастамасымен бірнеше жыл қатар өтіп келе жатқан игі шаралардың бастамашысы.

Керекудегі этномәдени бірлестіктер 

Жастар құрылымдары қызметінің басты бағыты «Тілдердің үштұғырлығы» жобасына қатысуы, ұлттық бірлікті нығайтудың басты факторы ретінде мемлекеттік тілді үйрену қажеттілігін, жаңа инновациялық әдістерді енгізуде белсенділік таныту. Жастар қанатының мүшелері мемлекеттік тілді арнайы лингвистикалық лагерлерде, ҰМБ жастар алаңында, мемлекеттік тілді меңгеру бойынша тестілеу шараларында, «Жас  лидер» зияткерлік ойындарында көрсетіп жүр. Тілді жақсы меңгерген ҰМБ жастары  «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» жастар слеті, дөңгелек үстелдер, форумдарға қатысып, тәжірибе бөлісті.

ҰМБ жастары творчествалық ұжымдар қатарында өнерлерін көрсете жүріп, қызығушылықтары мен таланттарын шыңдап, өз ұлтының рухани және мәдени құндылықтарын сақтауға өздерінше үлес қосып келеді.

Керекудегі этномәдени бірлестіктер 

Үйлестіру кеңесі облыстың оқу орындарымен тығыз байланыс орнатты. Әсіресе С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін атап өтуге болады, дәл осы оқу мекемесінде ассамблея филиалы жұмыс істеуде.

Керекудегі этномәдени бірлестіктер 

Қазақстанда ұлттық бірлікті қалыптастыру мен жетістіктерді насихаттау бойынша облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер жұмыстары туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты  жарияланып тұрады. Облыстық радио толқынында апта сайын «Казахстан в современном мире», «Казахстан – наш общий дом», «Қазақстан бүгінгі таңда» бағдарламалары, «Қазақстан-Павлодар» облыстық телеарнасында айына бір рет «В семье единой», «Ортақ шаңырақ астында» бағдарламалары эфирге шығып  тұрады.


Айша КЕРЕЙ

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға