Жаңалықтар

Кентауда қызғалдақ гүлдеді

Кентауда қызғалдақ гүлдеді
Фото: gov.kz 27.03.2023 14:28 1302
Кентау қаласының орталық көшелеріне 2 мың дана қызғалдақ егілген. Бүгінде қызғалдақтар жайқалып, гүл ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
 
Қызғалдақтар қаланың Қ.А.Ясауи кіші аллеясына және С.Сейфуллин көшесіне отырғызылған болатын. Алдағы уақытта қалалық «Жасыл қала» КММ-сі қызғалдақтың санын көбейтуді жоспарлап отыр.
 
Қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, қала және қалаға қарасты ауылдарда сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты бөлім және мекемелер, қоғамдық жұмыс қызметкерлері үлес қосты. Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Бүгінде қаланың көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдары, арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Тазалық шарасына 5 техника мен 140-тан аса адам жұмылдырылып, 24,5 тонна қоқыс қала сыртындағы полигонға шығарылды, - делінген ақпаратта.
 
Сенбілік барысында тал егу жұмыстары да жүргізілді. 2023 жылдың көктем айы бойынша 33440 көшет отырғызылды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға