Жаңалықтар

Кентауда дәмханадағы астан 58 адам уланып қалды

Кентауда дәмханадағы астан 58 адам уланып қалды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 28.06.2023 22:27 1008

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, Кентаудағы дәмханалардың бірінде тамақтан уланған 58 адам тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып

Жаппай улану дерегі тіркелді. Қазіргі кезде 58 адам шағымданған. Олардың барлығы «Ризық Раяна» тағамдарын алғанын айтып отыр. Жоспардан тыс тексеру басталып, нысанның қызметі уақытша тоқтатылды, қылмыстық іс қозғалды, - деді А. смағамбетова.

Оның айтуынша, зертханаға тиісті сынамалар жеткізілген. Тексеруге облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары жұмылдырылды.

Түркістан облысының Кентау қаласында дәмханадағы астан адамдар уланғаны жайлы мәлімет 27 маусым күні тіркелген. Қалалық ауруханада 39 адам жатыр (14 жасқа дейінгі балалар саны – 21, ересектер – 18), қалған 19 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға