Жаңалықтар

Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданы экологиялық аймаққа қосыла ма?

Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданы экологиялық аймаққа қосыла ма?
Фото: El.kz 30.05.2023 21:01 1621

Мәжіліс депутаттары экологиялық апатқа байланысты Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа өткізу мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттық сауалға Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова жауап берді. 

2019-2020 жылдары Түркістан облыстық бюджетінен 639,4 млн. теңге бөлініп, «Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің қоршаған ортасының жай-күйі мен тұрғындардың денсаулығын кешенді бағалау» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталған зерттеу жұмыстары Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің қорытындыларымен қоса биылғы 8 ақпанда Министрлікке мемлекеттік экологиялық сараптама алу үшін ұсынылып, 2023 жылғы 3 наурызда қараудың нәтижелері бойынша жауап берілді, - делінген жауапта.

Сонымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы іске асыратын органдардың қарауына ұсынылған құжаттамада жоспарланған қызметтің сипаттамасына байланысты шешімдер көрсетіледі:

  1. тиімді материалдарды, энергияны үнемдейтін, аз және қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу немесе қолдану;
  2. табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы өндіру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын кешенді өңдеу және кәдеге жарату;
  3. ағынды суларды тиімді тазартуды қамтамасыз ету, оларды техникалық қажеттіліктерге пайдалану, тазартылмаған суды табиғи ағындар мен су қоймаларына, жергілікті жердің бедеріне жіберуден бас тарту сияқты тазартудың басым бағыттары;
  4. атмосфералық ауаны ластанудан қорғауға қатысты негіздейтін шаралардың пәрменділігі мен кепілділігі;
  5. топырақты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мен қалпына келтіру, табиғи қорық қоры объектілерінің мәртебесін сақтау;
  6. халықты және қоршаған ортаны антропогендік физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету.

Сондай-ақ Экология кодексінің 96-бабына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті. Мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберіндегі қоғамдық тыңдаулар Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің қоршаған ортасының жай-күйі мен тұрғындардың денсаулығын кешенді бағалау» зерттеу бағдарламасы экологиялық заңнамаға сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімінен өтеді. Кодекстің 405-бабының 8-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қорытындылары негiзiнде аумақ не қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен – төтенше экологиялық жағдай аймағы, не Қазақстан Республикасының заңымен – экологиялық зiлзала аймағы деп жарияланады, - дейді министр.

Оның айтуынша, Бәйдібек ауданының аумағын төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау үшін Кодекстің 21-бөліміне сәйкес жұмыстар жүргізу қажет.

Кодекстің 405-бабына сәйкес төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау болжанатын аумақты (акваторияны) зерделеу мақсатында Түркістан облысы әкімдігінің жанынан комиссия құру ұсынылады. Себебі аталған аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау үшін қосымша зерттеулерді жүргізу қажет болады. Аталған зерттеулерді Бюджет кодексінің 64-бабына сәйкес жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде жүргізілу мәселесі жедел түрде шешілуіне септігін тигізеді, - деп түсіндірді Зүлфия Сүлейменова.

Мысал ретінде Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлытау облысына сапары барысында Жезқазған мен Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданының бір бөлігін «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу аясына жататын елді мекендер тізбесіне қосу бойынша жұмыс жүргізуге қатысты берген тапсырмасын келтіруге болады. 

Бүгінгі күні Ұлытау облысының әкімдігі тиісті комиссия құрып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін өткізді. Қазіргі уақытта мердігер анықталып, жұмыстар басталды.

Сонымен қатар Кодекстің 407-бабына сәйкес белгілі бір аумақта төтенше экологиялық жағдай аймағының немесе экологиялық зілзала аймағының құқықтық режимі белгіленген жағдайда мынадай:

  1. қолайсыз экологиялық ахуалдың туындауына себепші болған объектілердің қызметін тоқтату не шектеу;
  2. табиғи орта құрамдастарын қалпына келтіру (молықтыру), қоршаған ортаның сапасын жақсарту жөнінде жедел шаралар қабылдау;
  3. адамдарға тұрақты немесе уақытша тұруға арналған үй-жайларды міндетті түрде бере отырып, оларды тұруына қауіпті жерлерден көшіру;
  4. карантин белгілеу және басқа да міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;
  5. жануарларға ауырып қалған, қырылу қатері төнген жағдайда көмек көрсету бойынша қажетті іс-қимылдарды жасау;
  6. келу және кетудің ерекше режимін белгілеу, көлік құралдарының жүрісін шектеу;
  7. қызметі төтенше экологиялық жағдайды жоюға немесе халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты емес жаңа кәсіпорындар мен басқа да объектілерді салуға және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге уақытша тыйым белгілеу;
  8.  қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан зардап шеккен адамдарға тамақ өнімдерін бөлудің ерекше тәртібін енгізу;
  9.  жоғары экологиялық қауіп төндіретін деп танылған объектілерді салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салу;
  10. қасиеттерінің жиынтығы және (немесе) жай-күйінің ерекшеліктері осы аймақтағы экологиялық жағдайды нашарлатуы мүмкін аса қауіпті (химиялық, радиоактивті, уытты, жарылу қаупі бар, жанғыш, биологиялық) заттарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын қызметте қолдануға уақытша тыйым белгілеу;
  11. сауықтыру, курорттық мақсаттағы объектілердің жұмыс істеуіне тыйым салу;
  12. адамдарға, өсімдіктер әлеміне, жануарлар дүниесіне және басқа да табиғи объектілерге жоғары экологиялық қауіп төндіретін кез келген басқа да қызметті жүзеге асыруға тыйым салу немесе шектеу тәрізді шаралар енгізілуі мүмкін екенін атап өту қажет
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға