Жаңалықтар

Кентау қаласының әкімі тағайындалды

Жандос Тасов 2021 жылғы 19 ақпаннан бері Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды
Кентау қаласының әкімі тағайындалды
Фото: gov.kz 11.08.2022 19:43 2952

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Кентау қаласының әкімі болып Тасов Жандос Қалмырзаұлы тағайындалды, – деп хабарлайды El.kz.

Жандос Тасов 1987 жылдың 22 қаңтарында Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2013 жылы «Градкомплекс» ЖШС архитекторы болып бастаған.

2013-2014 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы, Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман міндетін атқарушысы, 2014-2017 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2017-2018 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, 2018-2020 жылдар аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімнің басшысы болған. 2020-2021 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімнің басшысы болып еңбек етті.

2021 жылғы 19 ақпаннан бері Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға