28 Қараша 2025, 20:27
Кениялық легионерлер, 100 миллион қарыз және бас бапкердің әлсіздігі – Келбет Нұрғазинамен сұхбат
Жеңіл атлетика – медалі көп спорт түрі. Алайда соңғы жылдары еліміздегі «спорт падишасының» дамуы көңіл көншітпейді. Тіпті соңғы екі Азия ойындарында да алтын алмадық. Ал бұрын сары құрлықта көш басында жүретінбіз. Олқылықтың орнын кениялық легионерлер де толтыра алмады. Сонда оларды не үшін әкелді? Бас бапкердің қандай қателігі бар? Жеңіл атлетика федерациясының қарызын кім төлейді? Осы сауалдарды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Келбет Нұрғазинаға қойып көрдік.