Жаңалықтар

Кенесары ханның Құран кітабы ҚМДБ-ға табысталды

Кенесары ханның Құран кітабы ҚМДБ-ға табысталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.07.2023 16:24 1689

Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құранын Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ҚМДБ-ға табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кенесары ханның Құран кітабы ҚМДБ-ға табысталды

Өздеріңізге мәлім, мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылып, елге қайтарылғанын айтты.

Кенесары ханның Құран кітабы ҚМДБ-ға табысталды

Қасиетті кітаптың Қазақстанға оралуын еліміздің рухани өміріндегі айтулы оқиға деп бағалады. Бұл жаңалықты халқымыз зор қуанышпен қабылдады. Бүгін Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес, Кенесары ханның Құранын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына салтанатты түрде табыстау үшін арнайы келіп отырмын. Атақты Марал ишан мен Кенесары ханнан мирас боп жеткен Құранның халқымыз үшін қастерлі дүние екені ақиқат. Сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау - маңызды міндет, - деді Мемлекеттік кеңесші.

Кенесары ханның Құран кітабы ҚМДБ-ға табысталды

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы екінші Ұлттық құрылтай кезінде Марал ишанның Құран кітабы Қазақстанға қайтарылғанын хабарлады. Кітап Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға