Кендірліде жаңа спорт кешені салынды
09.06.2024 14:40
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі ауылында жаңа спорт кешені салынды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кендірлі ауылынан спорт кешенін салу - Кендірлі ауылы әкімінің сайлауалды бағдарламасының бір бағыты. Қазіргі таңда спорт кешенінің құрылысы толығымен аяқталып, заңды тұлғаны тіркеу, оның басшысын тағайындау және штатын қалыптастыру сияқты жұмыстар жүргізілуде.
Ғимарат биыл жазда пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Спорт кешені ауылда спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен септігін тигізеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

