Кен орнындағы апатты жою кезінде жұмысшылар жарақат алды

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
10.03.2025 18:02
679
Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында апатты жою кезінде жұмысшылар зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Petrocouncil.kz-ке сілтеме жасап.
№437 ұңғыманы жабуға дайындық жұмыстары кезінде герметизациялау жүйесі бұзылған. Оқиға мердігер ұйым жүргізген гидравликалық сынақтар барысында болған.
Нәтижесінде бір жұмысшы кеуде тұсынан жарақат алды, бірақ ішкі органдары зақымданған жоқ. Қазіргі уақытта ол Құлсары қалалық орталық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екінші жұмысшы медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді, – делінген хабарламада.
Оқиға туралы Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне хабарланған.

Алдыңғы жаңалық
"Тұқым негізі қыздан тарайды". Жанар Айжанова немере туралы