Жаңалықтар

«Кемпір өлді». «Шаш сипау». Ұмыт болған салт туралы не білеміз?

«Кемпір өлді». «Шаш сипау». Ұмыт болған салт туралы не білеміз?
Фото: Коллаж El.kz 26.09.2024 18:08 11265

Уақыт өткен сайын заман талабына сай қазақтың салт-дәстүрі де түрленіп жатады. Салт-дәстүрлер кейбір өңірде қаймағы бұзылмай сақталса да, енді бір аймақтарда ұмыт бола бастаған. Соның ішінде көшпенділерде неке қию өте күрделі әрі қызықты құбылыс ретінде танылған. Құдалық ұлттық рәсім, қалыңдықты шығарып салу, ұзату тойы, беташар, күйеудің туыстарымен танысу және үйлену тойы осы кезеңдерден кейін қыз бен жігіт болашаққа қадам басады. Ал күйеу жігітті көру, қалыңдықтың «Шашын сипау» және «Кемпір өлді» деген рәсімдер бірте-бірте ұмыт болды. Аталған дәстүр туралы этнолог-ғалымнан сұрап көрдік.

Шаш сипау (салт) – алғаш рет есік көре келген күйеуге қатысты рәсім

«Шаш сипау» рәсімінің мағынасы тереңде жатыр. Әлемнің жетекші антропологтары ежелгі халық дәстүрлерінде шаштарының сиқырлы сипаты болғанын мойындайды. Алғашқы адам тіпті шашты қию, оларды өртеу адамның рухы мен табиғатына әсер етеді деп санайды. Әлбетте бұл сенімдер осы салт-дәстүрде көрініс тапқан.

«Шаш сипау» дәстүрі – қазіргі таңда ұмыт болған салттардың бірі. Жігіт қызды көрмей тұрып, керегенің сыртынан қолын созып, шашының ұзындығын тексерген. Бұл ерекше рәсім – үйлену салтанатының ажырамас бөлігі. Күйеу жігіт осылайша шашының ұзындығын тексерген. Себебі ұзын шаш – қазақ қызы үшін адалдықтың, ар мен абыройдың белгісі болған. Бұл дәстүр М.Әуезовтің «Абай жолы» романында да көрініс тапқан.

Этнограф Бахаргүл Төлегенқызы «Шаш сипау» рәсімі қыздың адалдығы мен абыройының символы ретінде қарастырылғанын жеткізді.

Бұл қазақ мәдениетінің ерекше қасиеттерін көрсетеді. Ал "Кемпір өлді" салты үйлену тойын жағымсыз оқиғалардан қорғау үшін қолданылған, бұл дәстүрдің ерекше юморы мен әлеуметтік мәні бар. Екі рәсім де халықтың рухани әлемін, мәдениетінің тереңдігін және дәстүрлерінің байлығын көрсетеді. Осындай салттарды сақтау мен насихаттау қазіргі жастар үшін маңызды, себебі олар ұлттық сәйкестікті нығайтады, – деді этнограф. 

«Кемпір өлді» салты үйлену тойы кезінде өлім-жітім болмасын деген ниетте жасалатын рәсім

Тағы бір қызықты дәстүр «Кемпір өлді» деп аталады. Этнограф Бахаргүл Төлегенқызының сөзінше, бұл қалыңдықтың ауылындағы әйелдердің бірінің ойдан шығарылған өлімі. Яғни, ауылды үйлену алдындағы жағымсыз оқиғалардан қорғау үшін жасалатын дәстүр болған.

Ол үшін күйеу жігіттің көз алдында кемпірлердің бірі жерге құлап, қолын әр түрлі жаққа жайып, қайтыс болған адамдай кейіп танытады. Мұны көргенде, барлық басқа әйелдер қолдарын жоғары көтеріп «Ой-бай, кемпір өлді», «Ой-бай, кемпір қайтыс болды» деп қатты жылай бастайды. Әрине, кемпірді «тірілтпес бұрын» күйеу жігіт немесе оның күйеуі кемпірдің шынымен қайтыс болғанына көз жеткізу үшін бетіне қарап, қолын тартып, көтеріп, аяғынан тұрғызып, шымшып, қытықтайды. Өлген кейіп танытқан кемпір күйеу жігіттен сыйлық алады.Ол үшін күйеу жігіттің көз алдында кемпірлердің бірі жерге құлап, қолын әр түрлі жаққа жайып, қайтыс болған адамдай кейіп танытады. Мұны көргенде, барлық басқа әйелдер қолдарын жоғары көтеріп «Ой-бай, кемпір өлді», «Ой-бай, кемпір қайтыс болды» деп қатты жылай бастайды. Әрине, кемпірді «тірілтпес бұрын» күйеу жігіт немесе оның күйеуі кемпірдің шынымен қайтыс болғанына көз жеткізу үшін бетіне қарап, қолын тартып, көтеріп, аяғынан тұрғызып, шымшып, қытықтайды. Өлген кейіп танытқан кемпір күйеу жігіттен сыйлық алады, – дейді этнограф Бахаргүл Төлегенқызы. 

Егер ауылдың барлық тұрғындары бір тұқымның өкілдері екенін ескеретін болсақ, онда олардың біреуінің кенеттен қайтыс болуы бірден ортақ қайғыға айналады. Әрине, мұндай жағдайларда ауылдағы мереке жерлеу мен оянумен ауыстырылады.

Этнолог-ғалым Досымбек Қатыран «Кемпір өлді» деген рәсім негізінде бұл алып қашу салты кезінде атқарылатын жоралғы екенін, алып қашып келген қыз қайтадан «кетемін» деген жағдайда үлкен кісінің үстінен аттамайды деген ниетте жасалатынын айтады.

Алып қашудың өзін шатастырмау керек. Бұл атастырылған, әсіресе сол қыз жағының болашақ күйеуінің менсінбеуінен кеп туады. Басқа біреумен көңіл жарастырып жүреді де қыз: «Сен мені алып қаш» деп айтады. Мұндай жағдай өте жиі кездеседі. Ал «Шаш сипау» атастырылған соң күйеуі мен қалыңдықты бір-біріне жақындастыру тұрғысынан атқарылатын салттың бірі. Ұрын барған кезде жасалады. Ұрын бару дегеннің өзі күйеу қалыңдығының ауылына келген кезде ат байларға деп, болашақ жарының әкесінің ауласына ат байлап кетеді. Ұрын барған кезде жаңағы келінмен жете танысып, біліс болады, – дейді этнолог-ғалым.

Сондай-ақ күйеу жігіт қалыңдығының шашын сипайтынын, қол ұстатар жасалатынын айтады. Яғни, қол ұстатар (салт) – күйеу баланың киіз үйінің сыртында, қыздың үйінің ішінде тұрып, киіз үйдің жабығынан бір-біріне қолдарын ұстау салты.

Қол ұстатар кәдесін алғасын, екеуінің қолдарын ұстатады. Енді сылап-сипау керек қой. Келесі сатысы осы шаш сипау деп аталады. Одан соң әбден ұзатылатын кезде жасалатын рәсімдер бар. Оның бәрі көңіл көтеру, қызық үшін жасалады деуге болады. Қатып қалған салт деп те қарамау керек. Шаш сипау кезінде тек қана қолмен сипай салмайды. Арнайы қолына шүберек ұстатады. Шашбауының сыртынан сипайды, егер шаш бауы жоқ болса онда шүберек салып тұрып сипайды, – дейді этнолог-ғалым Досымбек Қатыран.

Этнограф қазіргі заманда мұндай салт ұмыт болғанын жеткізді. Көбінесе қазіргі жастар танымайтын қыздарды алып қашып жатады. Бұл кісі ұрлығы болып табылады. Мұндайларды жазалау керектігін айтады.

Қазіргі жастар үлкен кісі табалдырықта жатып алса да, аттап кете береді. Сондықтан бұрынғы дәстүрді жаңғырта да алмайсың. Ал шаш сипауды жаңғыртуға болады деп есептеймін, – деді сарапшы.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романында бұл дәстүрлер көрініс табады. «Абай жолы» эпопеясы өз заманындағы көшпелі қазақ мәдениетін, тұрмыстық-этнографиялық өмірін қаз қалпында, қаймағын бұзбай көрсете білген. Романда Абайдың жеңгесі оның қолын көтеріп апарып, Ділдәнің арқасындағы қос бұрымына тигізеді. Қолының астында жаңағы жібек жүреді. Сол жібекпен Абай бір-екі рет сипап өтеді.

Қол ұстасу, шаш сипату деген атақты ырымдар осы романнан қалған. Қол ұстатар (салт) – күйеу баланың киіз үйінің сыртында, қыздың үйінің ішінде тұрып, киіз үйдің жабығынан бір-біріне қолдарын ұстау салты. Шаш сипар (салт) – алғаш рет есік көре келген күйеуге қатысты рәсім.

Ұрын бару

Қыз ауылына бару үшін ер жігіт күйеу киімін кию керек екен. Ол қызыл шапан, қызыл шұғамен тысталған үкілі бөрік. Абай осы киімді киюге қарсы болады.

Салт-дәстүр уақыт талабына сай кешегінің негізінде дамып, жаңарып отырады. Әр халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы сол халықтың келбеті, тәрбиелік ережесі іспеттес болатыны белгілі. Қазақ халқы салт-дәстүрді берік ұстанған. Оны әрқашанда орындап, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде қалдырып отырған. Қазақ «қазақ» деген атын осы күнге дейін өзінің қазақи салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, тыныс-тіршілігімен талай елді таң қалдырып келеді. «Ата салтың-асыл қазынаң» демекші осы тәуелсіз еліміздегі ата-бабаларымыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, әспеттеп, жоғалғанды жаңғыртып, көнергенді жаңартып келер өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыру ата-бабаларымыздың міндеті болса, оны қастерлеу, орындау – біздің борышымыз.Салт-дәстүрлер қандайда бір  халықтың мәдени даму дәрежесін, өзіндік ерекшеліктерін көрсететін,оны басқа халықтан айырып танытатын белгі десек те болар. «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» деген мақал осыған дәдлел. Сонымен бірге салт-дәстүрден адамдар өзінің өзгеден айырмашылығын, жеке басын танып білдіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға