Жаңалықтар

«Кемі 10 жылға қамаласың». Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың бұл қылмысқа не үшін барғанын айтты

«Кемі 10 жылға қамаласың». Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың бұл қылмысқа не үшін барғанын айтты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 02.05.2024 13:31 10879

Бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың оны неліктен өлтіргені туралы өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұрын көрсетілген видеоға сот алқасы тағы да назар аударуын сұрады.

Бейнежазбада Салтанат қанды көйлек ұстап тұрып, оның осы әрекетіне дәлел болатынын, кем дегенде 10 жылға қамалатынны айтқан,- деді Амангелді.

Оның пікірінше, сол кездегі жайтты жұртшылықтың біліп қоюынан және қайтадан түрмеге түсуден қорыққан Бишімбаев өзінің әрекетін одан әрі жалғастырған.

Ол бұған дейін бостандыққа шыққан соң тағы да заң бұзатынын дәлелдеп қойған. Бұл жолы жазадан оңай құтылса, тағы да  ауыр қылмыс жасауы мүмкін. Оның қылмысы геометриялық прогреспен өсіп келеді. Мен одан (Бишімбаевтан) адамдық көріп тұрған жоқпын, - деді ағасы.

Одан әрі Айтбек Амангелді өзі сөзін былай жалғастырды.

Салтанаттың айуандықпен өлтірілгені шындық. Ал өлтірген адам сіздің алдыңызда, әйнектің артында отыр. Бұл видеоларды бәріңіз көрдіңіз, құрметті сот алқасы. Бұл видеолар менің көз алдымнан кеткен емес, басымнан бір сәт шыққан емес. Олар мені іштей өлтіріп жатыр. Оны қалай өлтірді дегенді ойлап кетсем...,- деп Айтбек Амангелді сот залында жылап жіберді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға