Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап электр энергиясының тарифі қымбаттайды

Келесі жылдан бастап электр энергиясының тарифі қымбаттайды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 10.09.2023 23:18 735

Станцияларды күрделі жөндеуден өткізу үшін келер жылдан бастап жарықтың тарифтері көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйрығында жазылған.

2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге (қазір 590 мың теңге), 2025 жылы 1215 мың теңге/МВт болуы тиіс. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді, - делінген Энергетика министрінің бұйрық-жобасында.

Құжатта жазылғандай, 2015 жылы энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың жиынтық көлемі 108 млрд теңге болған.

Бұйрық 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға