opennews.kz

Кеген-Нарынқол тас жолында алғашқы қар жауды

10.10.2022 10:54

10 қазанда «Кеген-Нарынқол» республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды, деп хабарлайды El.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Қар тазалау жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды. Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді», - делінген жол компаниясының хабарламасында.