Жаңалықтар

Кедендік тексерістен 45 млрд теңге түсті

2022 жылдың ақпан-мамыр айларында мемлекеттік кірістер органдары 10 уәкілетті экономикалық операторға қатысты жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер жүргізген болатын.
Кедендік тексерістен 45 млрд теңге түсті
Фото: ашық дереккөзден 10.09.2022 08:06 1081

Қытаймен кедендік шекарада тәртіп орнатуға қатысты мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүргізілген тесерулер нәтижесінде 10 уәкілетті экономикалық операторлардан бюджетке 45,1 млрд теңге өндірілді, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылдың ақпан-мамыр айларында мемлекеттік кірістер органдары 10 уәкілетті экономикалық операторға қатысты жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер жүргізген болатын. Кедендік тексеру нәтижелері бойынша 107,7 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қосымша есептелді. Уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың кедендік құнын дұрыс төмендетіп көрсету арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтармақ болған - делінген хабарламада.

Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша мемлекеттік кірістер органдары прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен бірлесіп мемлекет бюджетіне 45,1 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасын өндіріп алды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға