Жаңалықтар

Кеденде электромобильді қалай рәсімдейді?

Кеденде электромобильді қалай рәсімдейді?
Фото: © Pixabay.com 24.05.2023 20:16 864

Елімізде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматына 1 электромобильді кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босата отырып, жеке пайдалану үшін әкелуіне рұқсат берілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпаратқа сүйенсек, электромобильді кедендік рәсімдеу Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын, меншік құқығын растау, көлік құралын қолдану сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып (CMR, ТКҚ, инвойс, КҚП), азаматтар жолаушылар кеден декларациясын өз қолымен толтырып, кедендік рәсімдеуден өту үшін, кеден бекетінің инспекторына жүгіне алады. Сонымен қатар, декларацияны тапсыруға және толтыруға, декларация бланкісін алу үшін ешқандай ақшалай төлем қажет емес, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Алайда азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе Ресей Федерациясының тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғаларға иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға