Өз стилімді «қолыммен» емес, жүрегім арқылы іздеп тапқым келеді. Бейнеден гөрі, түске аса мән беремін. Гүлдер және түстермен ойнағанды ұнатамын. Эмоцияны көрсететін таза, интенсивті көк, жасыл, сұр, алқызыл, сарғылт, ақ түстермен жұмыс жасаймын. Мені Клод Моненің импрессионизмі мен Левитанның реализмі шабыттандырады. Өз пейзаждарымда эмоциямды, әсерімді, сезімдерді қалай бар солай жеткізуге тырысамын. Менің суреттерім – менің өмірім.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өнер жолында із қалдыру қиынның қиыны. Бірақ, өзіңе сенер болсаң, алынбайтын қамал жоқ. Мен үшін ең жарқын мысал АҚШ Президенті болған – Барак Обама. Бала кезінде одан «өскенде кім боласың»?» деп сұрағанда, «Президент!» деп жауап берген. Барлығы оның үстінен жатып кеп күледі. Алайда, күлгендер күлген жерде қалды, ал Обама ел басқарды. Менің де алға қойған мақсатым бар, ол – өз галереямды ашу. Сол арқылы елімді барлық әлем таныса деймін. Оған жету үшін аянбай тер төгіп келемін.