Қазақстанның заманауи суретшілері
Олар кімдер?
Лейла Махат – кәсіби қылқалам шебері, ол Чехиядағы бейнелеу өнер академиясының құрметті мүшесі, Еуропа көркемөнеріне сіңірген еңбегі үшін Франц Кафка медалімен марапатталған. Оның туындылары тек елімізде емес, шетелдегі бірқатар мұражайларда сақтаулы.
“
Отбасыммен Түркияда тұрғанымда, Иракта соғыс жүріп жатты. Түрік әскері шекараны күндіз-түні бақылап тұрды. Кез келген күні соғыс қимылдары басталып кетуі мүмкін еді. Анкарадағы атмосфера тым ауыр, әрі адамдарды басқа жақа көшіріп жатқан абыр-сабыр кез болатын. Сол уақытта мен көрікті Ақмарал қыздың картинкасымен айналысып жатқам. Жұмыс бітіп тұр, тек соңғы сызықтарында тұрып қалдым... Әйтеуір, осы жұмысыма бір нәрсе жетпей тұрғандай, көңілімді ауыр бір сезім басты да тұрды. Содан кейіпкерімнің қолына майлы бояумен көгершінді салдым. Майдың кебуі қиын. Бірақ, бір күн өтпей жатып, картинамның дайын болғанын байқадым. Осы сәтте жолдасым көрші елдегі ахуалдың бір қалыпқа түскенін жеткізді. Көгершін бейбітшіліктің белгісі емес пе? Ол менің картинамда ойда-жоқта пайда болып, әлемге тыныштық сыйлады.
“
Менің сүйікті ісім – қазір мен өмір сүріп жатқан жұмысым. Ол өткен өмірімдегі және болашақта жасайтын жұмысымнан еш ерекшеленбейді. Мен не үшін суретші болдым? Бұл өмірдің өзі таңдаған жолы. Оған шығармашыл әкемнің тәрбиесін қосуға болатын шығар. Одан кейін мен кәдімгі адамдардай бола алмадым. Қазір өз галереямда өмір сүремін.
Мен өмірді сүйемін. Менің өмір сүргім келеді. Маған қозғалыс ұнайды. Сүйікті ісіммен айналысу маған ләззат сыйлайды. Тағы нені жақсы көремін? Шәкірттерімді білім нәрімен сусындатқан ұнайды. Мен олардан, олар менен үйреніп жатыр. Мұның барлығының ішіндегі ең маңыздысы не дейсіз бе? Жауап беру қиын секілді. Тартымды нәрсе шығу үшін барлығы болу керек. Барлығының бір-бірімен байланысты болғаны маңызды.

Анара Абжанова – авторлық стилі бар қылқалам шебері. Ол тек елімізде емес, АҚШ, Иран, Жапония, Ресей, Франция, Италия және т.б мемлекеттерде өз картиналарымен танылып, жеңіспен оралған. Анара – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздырының бірі.
Өзімнің суретші болатынымды сезген сияқтымын. Анамның сөзінше, бала кезде жүрмей тұрып, қарандашпен қабырғаларды, қолыма түскен қағаздарды шимайлай бастағам. 12 жасымда Алексей Уткин мен апалы-сіңілі Ғалия мен Бота Құсаиновалар басқаратын саңырау балаларға арналған бейнелеу өнері студиясына келдім. Мұнда білім алу мен үшін қызықты болды. Шебер Уткинмен достасып кеттім. Ал ол кісі маған өнер әлемінің жұмбақ сырларымен таныстырды. Менің бүгінгі жетістігім тікелей сол ұстазымның арқасы деп білемін. 7 жыл бойы Алексей Уткиннің шығармашылығын, кескіндемесін бақылай отырып, сабақ алдым. Ол менің ұстазым, ақылшым және сыншым да бола білді. 2004 жылы құлағымның естімейтініне қарамай, Алматыдағы көркемөнер колледжіне оқуға түсіп, үздік аяқтап, білімімді Жүргенов атындағы Өнер Академиясында жалғастырған едім. Өнердегі өз жолымды табу үшін күні-түні тынбай еңбектенуге тура келді. Өзімнің алғашқы Гран-приімді 2008 жылы ХІ халықаралық «Шабыт» фестивалінде жеңіп алдым. Содан бері, көптеген белестерді бағындырып, шетел асып та жүрмін. Мен бақыттымын ба? Әрине, адамдар менің картинама қарап тұрып, бір ғажайыптың барына сенеді, бұл бақыт емей немене?
Анара Абжанова,
суретші
Өз стилімді «қолыммен» емес, жүрегім арқылы іздеп тапқым келеді. Бейнеден гөрі, түске аса мән беремін. Гүлдер және түстермен ойнағанды ұнатамын. Эмоцияны көрсететін таза, интенсивті көк, жасыл, сұр, алқызыл, сарғылт, ақ түстермен жұмыс жасаймын. Мені Клод Моненің импрессионизмі мен Левитанның реализмі шабыттандырады. Өз пейзаждарымда эмоциямды, әсерімді, сезімдерді қалай бар солай жеткізуге тырысамын. Менің суреттерім – менің өмірім.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өнер жолында із қалдыру қиынның қиыны. Бірақ, өзіңе сенер болсаң, алынбайтын қамал жоқ. Мен үшін ең жарқын мысал АҚШ Президенті болған – Барак Обама. Бала кезінде одан «өскенде кім боласың»?» деп сұрағанда, «Президент!» деп жауап берген. Барлығы оның үстінен жатып кеп күледі. Алайда, күлгендер күлген жерде қалды, ал Обама ел басқарды. Менің де алға қойған мақсатым бар, ол – өз галереямды ашу. Сол арқылы елімді барлық әлем таныса деймін. Оған жету үшін аянбай тер төгіп келемін.

Қазақстандық сюрреалистика Лиза Рэйдің арқасында жанданып келеді. Бір арнаға тоғысқан сезім, керемет үндескен бейне, түс гармониясы, талдырмаш тыныштық, мұның бәрі – Лиза Рэйдің туындасында астасып жатыр. Оның картиналары Ресей, АҚШ, Германия секілді әлемнің көптеген елдерінің мұражайларында тұр.
Бала кезде өмірге, болашағымызға зор сеніммен, үмітпен қараймыз. Себебі, өмір ертегі, таңғажайыптай көрінеді. Шынайы көңіл гүл қауызы секілді жоғары қарап, тезірек өсуге тырысып, өз сағатын күтеді. Ал жасөспірім шақта өмірден алғаш сабақ алып, көңіліміз қалып, сатқындықты бастан өткереміз. Жан дүниемізде сенімсіздіктің алғашқы тікенегі пайда болып, адамдармен аңдап арласа бастаймыз. Соған қарамастан, ол ең жарқын, ең қанық өмір парақтары. Есейгенде ақыл мен тәжірибеміз толыса түседі. Бұл сенің сыртқы келбетіңе емес, жастық шақта жасаған қадамдарыңа баға беретін уақыт. Бұл өзіңе сенімді болған кезең. Көп нәрсеге қол жеткіздің, бірақ, жан дүниеңдегі өткір өскіндер цинизм мен сарказмның астарында жасырынып жатыр.
Ақжан Абдалиева Стамбул университетінің өнер докторантурасын тәмамдаған суретші. Оның ерекше қолтаңбасы әр туындысынан көрінеді. Басты ұстанымы – коммерциялық өнерден бас тарту. Яғни, Ақжан тапсырыспен ешқашан сурет салған емес, сол сияқты өз туындысын сатып көрмеген. Оның шығармасынан күрделі оқиғаларды көрмейсіз. Бұл өмірден алынған көріністер. Ақжанның суреттері көбінесе бірлікке бастайды.
Бала кезімнен қарандаш пен қылқаламға әуес болдым. Содан бері, артымда ерінбей оқыған 25 жылым жатыр. Оның ішіне Жүргенов атындағы Өнер академиясы мен Түркиядағы магистрлік, докторлық білімімді қосыңыз. Онда өткізген 9 жылымда өнер саласындағы ең білікті оқытушылардан дәріс алдым. Бүгінде көркем суреттен сабақ беріп, келешекте профессорлік жолға түсуіме болады. Бірақ, мен шығармашылық жолды таңдадым. Мен әрдайым сурет салып, қоршаған ортаны өзімше түсініп, қабылдауға тырысып келем.
Жылына шамамен 50-60 сурет саламын. Мен оның әрқайсысына ерекше тоқталам. Алдымен, идеядан «аяғың ауырлау керек», сосын оны көтеріп жүріп, бір күні дүниеге әкелесің. Көріп барып, қолыңа қылқаламды алған дұрыс. Көптеген суретшілер алдымен қолына қылқалам алып, соның сиясынан идеясын көруге тырысады. Бұл маған жат нәрсе!
Сүйікті картиналарым бар, бірақ мен оларды бөтен қолға беретін ойым жоқ. Олармен байланысым ерекше. Дәл қазіргі уақытта ішімді жарып шыққан туындыларыммен қоштасуға дайын емеспін.

Динара Дүкенбаеваның сурет өнерінде кәсіби білімі жоқ. Бұл оның талантын көрсетуде ешқандай кедергі келтірмейтіндей. Ол жасаған суреттер иррония мен әзілге толы. Оның кейіпкерлері шынайылығымен ерекшеленеді.
Бала кезімнен сурет салуға деген талабым зор болды. Бірақ, ешқашан үлкен суретші болам деп ойламағам. Менің мақсатым – музыкадан сабақ беріп, шәкірт тәрбиелеу болатын. Сол жолда музыка мектебін, одан кейін Алматыдағы Чайковский музыка колледжін бітірдім. Бірақ, сурет әлемінен алыс кете қоймадым.
Шарж және карикатура менің стилім емес. Бір кездері қаржыдан қиналып жүргенімде, еш тәжірибесіз Алматыдағы Арбатқа барып, шарж бен карикатура сала бастадым. Бірнеше жылдан кейін Жүргенов атындағы Өнер академиясының кинематография мамандығына оқуға түстім. Бірақ, отбасы деп жүріп оқуымды аяқтай алмай қалғаным бар. Белгілі бір стилде жұмыс жасап жүрмін деп айта алмаймын, өз стилімді іздеп келемін. Әлі тапқаным жоқ!

Мен үшін сурет деген – өмір сүру салты мен өз болмысымды көрсетудегі таптырмас құрал. Мені адамдар шабыттандырады. Әр түрлі мінез-құлықты адамдарды суретіме арқау етемін. Тағы бір қызығы, мынау туындым өзіме қатты ұнайды деп біреуін бөліп-жарып айта алмайды екенмін. Әлі үйренуші болғандықтан да шығар.
Сурет өнері қазіргі менің бар жұмысым. Бірақ, музыкасыз да өмір сүре алмаймын. Шынын айтқанда, музыка арқылы суретке келдім. Бұл екеуі менің қос қанатым іспетті. Бір ерекшелігім деп, туындыларыма тақырып қойғанды ұнатпайтынымды айта алам. Бір сөз арқылы суретімді бүлдіріп алам ба деп қорқам, кез келген адам өзінше түсінгенін қалаймын.