Жаңалықтар

Қазақстандағы білім, ғылымға арналған салалық басылымдардың ерекшелігі

Ғылым, білімге арналған салалық басылымдардың дамуы мен қалыптасуы
Қазақстандағы білім, ғылымға арналған салалық басылымдардың ерекшелігі
17.09.2017 15:26 2440

Қазіргі қазақ баспасөзі ұлттық ғылым мен білімді қорғау мен насихаттауда, халық санасын оятып, мемлекеттің болашағын, ұлт мүддесінің проблемаларын жан-жақты қозғауда, ұлттық мәдениетті келешек ұрпаққа насихаттауда, демократиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосып отырған ерекше күшке айналып отыр. Сондықтан да қазақ баспасөзіндегі ғылым мен білім проблемаларына арналған салалық басылымдарды жіктей отырып зерттеу бүгінгі  күн тәртібінде өзекті деп білеміз. 

«Қазақстан мұғалімі» республикалық газетінің сегізінші, тоғызыншы беттерінде үнемі білім мен ғылымның көкейкесті мәселелеріне арналған көлемді материалдарға орын беріледі. Мысалы, 2013 жылғы 2 наурыздағы  34 (3110) санында «Басты парызымыз» атты көлемді мақала басылған. Мақаланың авторы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖ КБАРИ  тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Қарлығыш Жунусханова. Бұл мақалада оқытудың бүгінгі көкейкесті мәселелері қозғалған. Мақала мазмұнында бүгінгі тез өзгермелі демократиялық қоғам адамнан жоғары деңгейдегі мәдениеттің, ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес, қоғамда өмір сүріп, тіршілік ете білуді талап ететіні туралы айтады. Расында да ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекеттің басты назарында екенін автор ұмытпайды.  «Сабақта құзіреттілік тапсырмаларды ұйымдастыра білу ұстаздардан кәсіби шеберлікті, жоғары біліктілікті талап ететіні түсінікті. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин: «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады», - деген. Халқымыздың ұлы философы Абай: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,-  осы үшеуі толық болса, адам толық адам, ал «...алдыңғы екеу соңғысыз, біте қалса, қазаққа, алдың жалын, артың мұз барар едің қай жаққа?»,- деп, жылы жүрегі жоқ болса, оны жарты адамға теңеген». Бұл автор өз мақаласында философиялық шегістер жасап, оқырманған көп ой тастаған. Төртіншіден, ағартушылық функциясы. Жалпы бұл функция сонау ХХ ғасырдың басында шыққан «Мұғалім», «Қазақстан мұғалімі», «Бастауыш мектеп» басылымдарында ерекше сипатқа ие болған. Бұл ағартушылық үрдіс бүгінгі уақытта шығып тұратын «Қазақстан мұғалімі» газеті мен «Зерде» т.б. басылымдарда ерекше көрінеді. Мәселен, айына  екі рет шығатын «Қазақстан мұғалімі» газетінің сандарында «Білім беру сапасы – Қазақстан Республикасының тұрақты даму ұстанымдарын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі» атты мақалалар циклында авторлар бүгінгі уақытта елімізде жүргізіліп жатқан білім реформаларын кеңінен қозғайды.  Осы газеттің әр санында «Абай - адамтану айнасы», «Озат тәрбие – көпке ортақ», «Бүгінгі күннің талабы», «Инновациялық технологиялар» атты айдарларымен берілетін материалдар да ағартушылық функцияларын атқарады. Мысалы, «Абай - адамтану айнасы» атты айдарымен көбіне Абайдың әр сөзінде адам өмірінің ащы, тұщы  көңіл-күйі бар екені ескерілген. Бұл айдарда Абай сөздеріне талдаулар беріліп, әр сөзінің мағынасы түсіндіріледі. Жат қылыққа ренішпен қарау бар да оны жеріне жеткізіп талдап түсіндіргенде тағы да адамның өз санасына салмақ артып жүктейді. Бұл дегенің қанша өмір сүрсең де өзіңді өзің тәрбиеле, өзіңе өзің есеп беріп жүр,

Танымдық функциясы ғылым мен білімге арналған басылымдарда танымдық, ғылыми-танымдық дүниелер көптеп жариялануынан көрінеді. БАҚ-тың аталмыш функциясы өмірдің өзінен бастау алады. Себебі, әр нәрсенің шынайы болмысының өзі салыстырмалы дүние. Әр объектінің күрделі құрылымы, ішкі-сыртқы байланыстары, бітімболмыстары бар. Айталық, елдегі қоғамдық құрылымдағы, өндірістегі, экономикадағы менеджментті белгілі деңгейде, салыстырмалы деңгейде танып, білмейінше ол туралы мақала жазу мүмкін емес. «Қазақстан мұғалімі» республикалық газетінің алтыншы, жетінші беттерінде үнемі танымдық мәселелерге арналған көлемді материалдарға орын беріледі. Мысалы, 2012 жылғы 29 наурыздағы  5-6 (3212) санында «Италия туралы аңыз бен ақиқат» атты танымдық материал басылған. Материалдың авторы жазушы Тұрсын Елеусізұлы. Бұл мақаланы оқып, Италия елі туралы көп мағлұматтар алуға болады. Танымдық  жағынан мәліметтері мол, бұл ел туралы жазушы атақты адамдардың пікірлерімен әр сөзін дәйектеп отырған  жазбасы оқырман  үшін өте түснікті және қызықты жазылған. «Шынында, Италия жайдарлы қысы мен тамылжыған жазы өзгермейтін, өімдіктері әртүрлі, жоталары таулытасты, ғажап көлдері көп екен. Егістіктерінен жүзім, жүгері, қауын-қарбыз көрдім». «Италиядағы кездесулер Еуропа өркениеттілерінің нағыз ертегісіндей күй кештірді. Соның ішінде Флоренция қос жанарымды баурап, әсем көріністерген деген ыстық сезімдерімді оятып, қайта өрлеу дәуіріндегі сәулет пен мүсіндеу өнері озат талабынан туындаан заманауи мұражайлар, бейнелеу өнерінің кейіакерлері тіріліп келгендей қиыла қарап; «Мені де еске ала жүр, саяхатшы!? Дегендей қиял-қанатыңды оятады»,- деген жолдардан танымдық көп мәліметтерді алуға болады. Алтыншыдан, бақылаушы функциясы. Бұған ғылым мен білімге арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында жүріп жатқан реформалар туралы жарияланып жатқан мақалаларды мысал ретінде алуға болады. 

«Қазақстан мұғалімі» республикалық газеті беттерінде үнемі білім мен ғылымның көкейтесті мәселелеріне арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан шараларға арналған материалдарға да орын беріліп отырады. Мысалы, 2012 жылғы 2 сәуірдегі  5-6 (3240) санында «Жоғары білімнің оқу жетістіктерін сырттай бағалаудағы тестік тапсырмалар жүйесі» деген көлемді сараптамалық материал берілген. Бұл мақалада ҚР БжҒМ ЖОО  студенттерге білім беру сапасынның деңгейін бағалаудағы жетістіктер мен кемшіліктер ашық жазылған. Бұл мақалада деректер мен дәйектер «Ұлттық тестілеу орталығынан» алынғаны да көрсетілген. «Арнайы бағдарламалар арқылы даярлықтан өткен оқытушылардың құрастырған тест тапсырмалары ЖОО-ын бітірушілерді қорытынды аттестациялаудың білімдік-технологиялық формаларына көшуіне педагогикалық жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, білім беру іс-әрекетінің жаңа формалары ЖОО бітірушілерді обьективті аттестациялаудың әдістерін құру мәселелері бойынша педагогтардың шығармашылық іс-әрекеттерін ынталандыра бастады». Мұнда жоғары білімнің сапасын арттыру үшін ЖОО  бітірушілерін осы тестен өткізу маңызды  екенін баса айтады. Енді ғылым мен білімге арналған басылымдардың жанрлық сипатына аз-кем тоқтала кетсек. Жалпы, шығармашылық адамының қатып қалған қағида мен ережеден ауытқымауы мүмкін емес. Бұған дейінгі қатып қалған қағидаларға мән беретін болсақ, кеңес журналистикасында «жанрлардың араласуы» көп жағдайда сынға ұшырап келді. Кеңестік режимнің күні бүгінге дейін салқынын тигізіп отырған мәселесі - белгілі бір қалыптан ауытқымау, «партия» салған сара жолмен жүру. 1990 жылдан бері осы бір қасаң қағидаларды бұзып-жаруға қазақстандық журналистика да, қазақ публицистері де көп талпыныс жасағаны белгілі. Соның нәтижесінде журналистикада жаңа медиалық әдістер мен тәсілдер өмірге келді. Журналистер жаңа массмедианы қалыптастыру барысында әрбір жанрдың ерекшелігін ескеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ, жанрларды өзара араластыруға да барын салды.

Жанрлардың араласуы, әсіресе, салалалық басылымдарда басымдық алды. Қазіргі қазақ баспасөзінде салалану үрдістері байқалады. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, тек бір саланы ғана қамтып, сол саланың проблемаларын бүге-шігесіне дейін білгісі келетін оқырмандар талабының артуы болса, екіншіден,  қазақ баспасөзі бірте-бірте кәсібилене түсуде. Мұны біз өзінің саласын бес саусақтай білетін мамандар санының артуымен байланыстырамыз. Сондықтан да шығар бұрында тек ғылым мен білімге байланысты тек «Қазақстан мұғалімі» газеті ғана шықса, қазір «Зерде» (2007 жылы қаржы тапшылығына байланысты жабылып қалды), «Бастауыш Мектеп», «Қазақ тілі мен әдебиеті» т.б. газет-журналдар  шығып тұрады. Бүгінгі таңда ғылым мен білімге арналған басылымдардың саны жыл санап артып отыр.  Ұлттың ғылымы мен білімін әспеттеу, насихаттау бүгінгі қазақ баспасөзінің негізгі қызметі деп айта аламыз. Ұлттық білім мен ғылымның жаршысы – негізінен білімге, ғылымға арналған салалық басылымдар. Салалық басылымдар басқа басылымдарға қарағанда білімнің, оның ішінде ұлт ғылымының негізгі проблемаларына тереңірек үңілуге тырысады, салмақты сараптама жасайды.   Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан жақсы дәстүрлер мен тағылымдарды оқып үйренудің бірден-бір құралы БАҚ болмақ. Баспасөз бетіндегі ұлттық білім мен ғылым мәселелерінің жазылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлығын білу үшін көп ізденіп, еңбектену қажет. Бұл – салалық басылымдарда қалам тартып жүрген журналистердің негізгі мақсаттарының бірі. Қазақ баспасөзінде «Қазақстан мұғалімі» газеті еліміздегі білім саласына байланысты проблемаларды көтеріп жазудың сан қырлы әдісін меңгеріп, ғылым саласындағы проблемаларды ұлттық рух, ұлттық мүдде тұрғысынан көтеріп, қоғамымыздағы болып жатқан кемшіліктердің себептерін жан-жақты ашып келеді.

Егер қазақ салалық баспасөздері әрқашан көтеріп жүрген осы ғылым, білім, мектепке  қатысты өзекті мәселелерді атқарушы билік назарда ұстаса, онда қазақ қоғамында білім саласы одан әрі өзінің  қанатын жаяр еді. Қазақ баспасөзі тарихында «Қазақстан мұғалімі» газетінің үлес салмағы жоғары, бүгінгі уақытта да сұранысқа ие. Бұл басылым қоғамдық іс-әрекеттерге тікелей болмаса да, жанама түрде араласа отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруда, жаппай сауатсыздықты жоюда, қазақ халқының ұлттық білімі мен ғылымын дамытуда өзінің зор үлесін қосып келеді. Бұл басылымның бұрыннан қалыптасқан айдарлары бар. Мысалы, «Ұстаз портреті», «Жаныңда жүр жақсы адам», «Біздің мектепте», «Жақсының жақсылығын айт», «Ұстазым - алтын діңгегім», «Алтын ұямектебім», «Өнер - жастан», «Жақсы тәжірибе – көпке ортақ», «Сенім – алып күш», «Оқытудың бүгінгі көкесті мәселелері», «Ұстаздар шығармашылығы» т.б. рубрикаларда газеттің әр саны сайын әртүрлі мазмұндағы қызықты мақалалар жарияланады. Мысалы, «Ұстазым - алтын діңгегім» атты айдарымен берілетін материалдарды талдап көрейік.  «Қазақстан мұғалімі» газетінің 2013 жылғы 28 ақпандағы санында С.Сейдахметқызының «Өнегелі ғұмыр» атты мақаласы жарияланған. Мақала арқауы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің технология пәнінің мұғалімі «ҚР Білім беру ісінің үздігі» Бекмағамбетова Ұлболсын Сейтенқызының қырық жылдық ұстаздық қызметі туралы. Автор кейіпкері балалық шағынан қазіргі күнге дейінгі өмірін оқырман көз алдына елестетеді. «Өмірі өнегеге, ғұмыры ғибратқа толы, айналасына шуағын шашып, мейірімге бөлеген Ұлболсынды сол мектептегі ұстаздардың анасы ма дерсің. Оның алдына келген жас ұстаздар жанұядағы түйіткіл мәселелерін ашық айтып, сыр бөліседі. Олардан ақылын аямай, барлық нәрсенің уақытша екенін, сабыр сақтау керектігін үйретеді. Ұлболсын бойынан имандылық пен мейірім шашылған жан. 20 жылдан  бері рамазан айында ораза ұстап келеді».

Журналдың бас редакторы белгілі журналист Сайраш Әбішқызы. Бұл журналдың айдарлары: «Біздің мұқаба», «Оқу және оқу құралдары мәселелері», «Білім жүйесі: ұйымдастыру және басқару», «Мемлекеттік тіл – ортақ қазына», «Білім негізі -мектепте», «Білім реформасы бағыттары», «Білім беру -  кәсіби міндет», «Мұғалімге көмек», «Халық педагогикасы – ұлттық қазына», «Жаңа  сипатты мектептерде», «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы», «Игі істер, ізденістер», «Ғылымның қия жолында», «Педагогика ғылымы: зерттеулер, ізденістер», «Көкейкесті», «Мұғалімге көмек», «Мұғалім тәжірибесінен», «Білім көтеру – кәсіби міндет», «Мектеп тойы – ел тойы» т.б. бар. Журналдың  2013 жылдың №5 санында Жұматай Асановтың «Білім берудің жаһандануы» атты мақаласы жарияланған. Мақала «Білім реформасы бағыттары» айдарымен берілген. «Педагогика» дәрісінің оқу мазмұнына «Білім берудің жаһандануы» тақырыбы енгізілген. Міне осы тақырыпқа қатысты кредиттік технологияға сай дәріс, семинар сабақтарын жүргізу кезінде берілетін материалдар жүйесін іздеп тауып, автор өз оқырмандарына ұсынады. «Жаһандану немесе әлемдік ауқымдану – жаңа әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құру үрдісі, болмаса қағидасы. Жаһандау ұғымы М.Дулатидың «Жаһаннама» (1533) еңбегінен белгілі болса, ғылыми айналысқа енгізген америкалық экономист Т.Левита (1983) деп саналып жүр. Бұл ұғым жалпы мағынасында әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпы азаматтық ие болуы деген сөзді білдірсе керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға