Жаңалықтар

Қазақ сайттарының дін тақырыбын көтеруі

Дін тақырыбын көтеріп жүрген отандық сайттар жайында...
Қазақ сайттарының дін тақырыбын көтеруі
01.10.2017 10:07 7103

Қазіргі таңда дін тақырыбы қоғамның кез-келген саласында айтылып та, жазылып та жүр. Сонымен қатар, ол турасында мектеп оқушысынан бастап, мемлекет басшылыарына дейін пікір білдіреді. Өйткені дін барлығына бірдей және онда барлық нәрсе қамтылған. Және оның барлығы діни бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде әлеуметтік желілердің беттерінен түспей жазылуда. Бұл істі қазір діни порталдар мазһабымыз бойынша халыққа дұрыс жеткізумен айналысып келеді. Елемізде дін туралы жазатын діни порталдардан бөлек, қазақша сайттар да бар. Осы екі бағыттағы интернет ресурстарының арасындағы діннің көрініс табуы, оның жеткізіліуінде аса үлкен айырмашылық немесе проблема байқалмайды. Өйткені, екі жаққа да дін жайында түсініктеме беріп, өз мақалаларын жариялайтын дінтанушылар, діни қызметкерлер, имамдар. Ал, журналистер жазған күннің өзінде сол дін қызметкерлерінен сұхбат алып, анықтама алып барып, жазады.

Мәселен, бұған «Абай.кз» ақпараттық порталындағы дінтанушы Досай Кенжетайдың, «Дін және саясат» деген нақты дәлелдермен жазылған сараптамасын, журналист Жарқын Түсіпбекұлының «Дін саясаты мемлекеттік идеологияның құрамдас бөлігі екенін мойындайтын уақыт жеткен жоқ па?» деген тақырыптағы бірнеше адамнан алған сауалнама, сұхбат түрінде жазған мақаласын, ҚМДБ қызметкері Амантай Тойшыбайұлының «Дінді білетіндер ғана айтсын» деген мақалаларын жатқызуға болады. Бұл жазылған еңбектер өте орынды, білікті маманның іс әрекеті. Осылай болу керек те. Дегенмен, қазақша сайттар дінге саясатты араластырып, дәстүрлі дінімізді таза күйінде жеткізе алмай жатады. Жаңадан пайда болған діни ағымдар мен дінге байланысты болған оқиғаларға толық түсіндірме бере алмайды. Мәселен, көпшілігіміз толық білмесек те, естіп-көріп жүрген Сирияға аттанған қазақстандықтар жайлы түрлі қазақша сайт-порталдардан қарап көрейік. «Халықсөзі.кз» сайтында «Дін» емес «Саясат» деген айдарында осыған оқиғаға байланысты «Жиһадқа кеткен қазақтар» деп аталатын тақырыпта, мақала жарияланған. Онда Сирияға елімізден қанша қандасымыз кетті, олар қандай адамдар, қандай жолмен кеткен және тағы басқа жағдайларға тоқталып өткен. Қысқаша айтқанда саяси жағынан қарастырған. Бірақ, «Жиһад» деген не екенін және оған қазақстандықтардың не үшін кететіні, оның Ислам дініндегі үкімі қандай деген жайттар айтылмаған. Одан кейін осы жағдайға байланысты «Серке.орг» ақпараттық-сараптамалық сайты «Қазақ жиһадшылары Сирияда жүр» деген ақпарат таратқан екен. Олар Сириядағы қазақстандықтар жайында франция телеарнасның хабарлағанын, ол жақтағы қазақ жиһадшылар саны 150 екенін және олардың жәннатқа тезірек кіру үшін өлімге дайын екенін, ол жақтағы балалардың хиджап киіп, Құран жаттайтынын жазады. Бұдан басқа шекара асып кеткендердің саны одан көп болуы мүмкіндігін және соғыс жүргізіп жатқан ұйымдар қай мемлекеттікі екендігі туралы айта кеткен. Қысқаша айтқанда, қазақтар не үшін жиһадқа барады, егер барса шынымен жұмаққа кіреді ма, ол туралы біздің Әбу Ханифа мазһабында не айтылған секілді сұрақтар жауапсыз қалған. Ал, «Қазақүні.кз» Сириядағы жиһад жайлы саясаттанушы Ерлан Қаринмен болған «Абайламасақ бізде арандаймыз» деген тақырыптағы сұхбатын жариялаған екен. Мұнда да шиеленіскен діни жағдай толығымен саяси жағынан қарастырылған. Ол соғысқа өзге мемлекеттерден қанша адам барған, оған қандай діни топтардың қатысы болуы мүмкін және болашақтағы орын алатын жағдайлар деген секілді. Сонымен қатар, «Ұлт.кз» порталы Сириядағы жағдайға байланысты тек «Сириядағы қазақ балаларының суреті жарияланды» деген мазмұндағы хабар таратқан. Онда қазақ балаларының, оның ішіндегі «Артем» есімді жас жеткіншектің суреті белгіленген фото, видеолар жайлы ақпарат берген екен. Бұлардан басқа «Жебе.ком» ақпараттық порталы «Балаңды қаңғытпа, қазақ!» деген мақала жариялап, соғысқа кеткен азаматтардың бала-шағасын мемлекет неге қамқорлығына қалмайды, ата-аналары неге ондай қадамға барады және оның салдары неде деген секілді мәселелелерді қозғаған. Былайша айтқанда шет елдегі жағдайды шариғи тұрғыдан емес саяси және адам құқығы жағынан сараптама жасаған. Ал, «Жасалаш» республикалық газетінің сайты «Сирияға кеткен қазақтарды қайтарудың машақаты көп» деген мақала жариялаған екен. Онда өзге елдегі жиһадшылар туралы аз-кем ақпарат беріп, қазақстаннан кеткен азаматтарымызды елге қайтарудың қиын екенін, қайтқан күннің өзінде қамауға алынуы мүмкін деп мәлімдеме жасаған мамандардың пікірлерін жазған. Қорыта айтқанда, қасиетті Құран мен соңғы Пайғамбарға деген күшті сеніммен кеткен жиһадшыларға байланысты мысалға келтірген сайттар мен порталдарда аят пен хадистен нақты дәлелдер келтіріп, Сирияға аттану діни білімнің жоқтығынан келетінін және ол жаққа кетудің діни тұрғыдан да дұрыс еместігін толық жазған қазақ порталдарын кездестіре алмадық.

Алайда, Сириядағы жиһадқа байланысты кейбір ақпарат көздері сараптама, зерттеу мақалалары мен сұхбаттарын жариялаған. Мәселен, «Абай.кз» ақпараттық порталы Қайрат Жолдыбайұлының «Жиһад пен терроризм жайлы не білеміз» және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Үлкен жиһад – өз нәпсіңмен күресу» деген секілді мақалаларды жариялаған. Бұл порталдағы берілген еңбектер кез-келген қазақстандықтың оқиғаға байланысты оң-солын тануға, ақ-қарасын ажыратуға жетерліктей еді. Сонымен қатар, «Намыс.кз», «Қамшы.кз» секілді сайттар Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Қазақстан азаматтарының мұсылман елдерінде орын алған соғысқа қатысуына байланысты жасаған мәлісдемесін берген. Негізінде осы ҚМДБ мәлімдемесін еліміздің барлық интернет ресурстары жариялау керек нәрсе болатын. Себебі, онда Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Ғұламалар Кеңесі «Жиһад ұғымы және қазіргі заман» туралы арнайы шығарған пәтуәсі бар. Ал, пәтуәда осы жағдайға байланысты айтылған Жаратушы иеміздің «...Жазықсыз адамды өлтірген адам – барлық адам баласын өлтіргенмен тең (күнәкар) болады...» («Мәида» сүресі, 32-аят) деген қатаң ескертпелері мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с)   

«Мұсылманды сөгу – пасықтық, ал оны өлтіру – күпірлік», – деген хадистері бар. Сондай ақ, «Егемен Қазақстан» газетінің «Егемен.кз» порталында «Теріс ағым», «Адасқанға иланба, шәк келтірме иманға» деген секілді тақырыптардағы жазбаларымен бөліскен. Ал, діни сайттар Сирияға аттанған Қазақстандықтар жайлы жан-жақты түсіндерме жұмыстарын жүргізіп, ҚМДБ мәлімдемесін жасаған. Мысалы, «Муфтият.кз», «Муслим.кз» және тағы басқа сайттарда жат ағым жамағаттар жайлы, олардың ұстанатын сенімдері мен мәзһабтары жайлы ғылыми, зерттеу мақалаларын жарияласа, «Ислам-өркениет.кз» сайты бұл жағдайлара байланысты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі, исламтанушы, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Мүміновпен болған «Сириядағы жиһадшы қазақтар жайлы мәлімет – кезекті арандатушылық« тақырыбындағы және Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен болған «Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз« деген секілді сұбаттарын берген. Бұдан басқа, тек «Е-Ислам.кз» сайтының өзі «Жиһад» соғысу емес, жан дүниеңді кір-қоқыстан тазарту», «Жиһад» не? «Шәһид» кім?», «Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шеиттік» майдан ба?», «Әркім өз бетінше жиһад жариялауға құқы жоқ» және «Ислам дініне жат ағым деген кімдер, олардан қалай қорғануға болады» деген секілді сирияға аттанған қандастарымызға қатысты және тағы да басқа көптеген түрлі тақырыптағы мақалалар жариялған. Бұдан бөлек бұрынырақта діни сайттарда кездесе бермейтін маңызды мәселелерді видео сұхбат және бейнеролик түрінде жариялаған дүниелері болған. Олар «Жиһад деген не», «Соғысу сүннет пе?», «Ниқабтан жиһадқа дейін» және тағы да басқа көптеген тақырыптарды қамтыған. Сонымен қатар, бейне материалардында сауалнамалар жүргізіп, халықтың да діни сауатына тексеріс жүргізген. Осы және жоғарыдағы аталған діни сайттардың жасаған еңбектерінде Сирияға адамдар не үшін барады, онда барудың шариғи үкімі қандай, ол жақтағы діни ағымдар біздің Әбу Ханифа, яғни, дәстүрлі дінімізге қайшы келмей ме және барғандар шаһид бола ма деген секілді, жалпы алғанда сол оқиғаға қатысты барлық ақпараттар бар десек қатаелеспейміз. Қазірде осы материалдарды көптеген адамдар түрлі әлеуметтік желілерде таратып, діни сауатын арттыруда. Және жиһадқа аттанудың дұрыс емес екенін біліп, ата дінімізге өте сақтықпен қарап келуде.

Бұлардан бөлек интернетте мұсылманмын деп адамдарды атып та, пышақтап та, неше түрлі тәсілмен азаптап өлтіріп жатқан түрлі видеолар кездеседі. Қазір осы мәселеге байланысты түрлі әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Кейбіреулері осы оқиғадан кейін тіптен ата-бабаларымыз ұстанған діннен безіп кетіп жатыр. Қоғам Алла тағаланың бізге бұйырған дініне күдікпен, Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с) хадистеріне күмәнмен қарайтын болды. Ислам дінінің түснігінен алыс адамдарға өтірік аузына Алла атын алған лаңкестердің, олардың діни ұйымдарын, мақсаттарын қазақ сайттары толық ашып, түсіндіріп бере алмай жатыр. Бұл мәселеде де сол дін мен саясаттың араласуы себеп. Мәселен, ИШИМ, ИШИР, ИСИР туралы ақпарат таратуда «Қамшы.кз» ақпараттық порталы «Ақжайықтың» бұрынғы футболшысы ИШИР сапында күресіп жүр» деген тақырыптағы хабарламасында қазақстандық футболшының лаңкестік топқа қосылып, соғысып жүргенін жазады. Сонымен қатар осы сайтта «Атырауда екі азамат ИШИМ содырларына қосылмақ болған» деген мақала жарияланған. Онда қамауға алынған екі азаматтың ИШИМ тобына қосылуға ниетті екендерін интернет арқылы мойындағандарын және бес жылға сотталатындары туралы айтылған. Ал, порталдың «ИШИМ сарбаздары мыңжылдық мәдени мұраларды қирата бастады» деп аталатын материалында Ирактың «Мосул» мұражайындағы көне ескерткіштерді ИШИМ сарбаздарының қирата бастағаны және содырлардың айтуынша жергілікті тұрғындар осы пұттарға табынғанын, ал ондай нәрсе Аллаға серік қосу деп есептелетінін мәлімдеген. Сайт осы ИШИР, ИШИМ-ға байланысты бір емес бірнеше рет хабар таратқан. Алайда, портал оқырмандарына бірде-бір рет сол ұйым жайлы нақты ақпараттар көрсетілген түсініктеме жаңалықтары жарияланбаған. Тіпті, жоғарыда тоқталып өткен «ИШИМ сарбаздары мыңжылдық мәдени мұраларды қирата бастады» деген мақаланың астына оқырмандар «ИШИМ содырлары деген кімдер? толықтай айта кетсеңіздер» деп, сұрақ қойған. Бұдан шығатын қортынды бұл портал діни топтар, ағымдар жайлы оқырмандарына толық мағлұмат бере алмай келуде.

Дегенмен қазақ сайттары арасында ИШИМ-ді Құран, хадиспен жан-жақты түсіндірмегенімен дінтанушылар мен кейбір дін мамандарының пікірлеріне жүгініп жазылған сараптамалық, талдамалық мақалалар да жоқ емес. Ондай материалды «Намыс.кз» сайтындағы «Исламды өшіріп жатқандар...» деген тақырыптағы еңбектен байқауға болады. Онда негізінен өзге ағымарға ерушілердің көбі дінді енді үйреніп келе жатқандар. Ал, ондайлар өте сенгіш болып келеді. Сондықтан, соғысқа шақырып жатқандар алдау-арбауды осындай адамдардан бастап жатады деген скілді және ИШИМ-нің соғысты бастағанынан бастап, нені қалайтынына дейінгі нәрселерді дінтанушы мамандардың пікіріне сүйене отырып жазған. Сондай ақ, «Абай.кз» порталы ИШИМ-нің пайда болуы, олардың ұстанымдары, тарихы секілді нәрселерге кеңінен тоқталған «ИШИМ: Бетперденің арғы жағындағы кім?» деген тақырыптағы дінтанушының мақаласы жарияланған. Мұнда да қарапайым халыққа берер бірқатар маңызы ақпараттар берілген. Және осыған қатысты «Қазақзаман.кз» сайты да «ИШИМ Иракты ірітіп, іргесін шіріте ме?» және «Сирияның тозағына түсіретін тұзақатр» деген секілді талдамалы мақалалар мен Мәулен Әшірбаевпен болған «ИШИМ Ислам мемлекетін құрамыз дегенді де идеологиялық ту етіп көтеріп жүр» деп, аталатын сұбатын жариялаған екен. Мұнда ИШИМ және сәләфтардың соғыстан бөлек жасаған діни еңбектері, араб мемлекетінен басқа елдерге тигізіп жатқан зияндары мен халқаралық ұйымдардың содырларға қатысты қандай қадамдар жасау қажет екені секілді мәселелерге тоқталған.

Ал, енді ИШИМ туралы ақпараттарды діни ақпарат көздерінен қарап көрейік. Бұл туралы Нұр Астана орталық мешітінің «Үммет.кз» ресми порталы қарапайым адамдарға «Қастерлі ұғымның қадірін қашырмайық» деген  мақаласында біраз нәрселерді ашып түсіндірген екен. Мәселен онда, дін жетекшілерінің ИШИМ-ді кейбір БАҚ өкілдері секілді «Ислам мемлекеті» деп қолданбаған абзал керектігін ескертеді. Өйткені, олай айту оларды шынымен ислам мемлекеті ретінде мойындау болып есептеледі. Сонымен қатар, топтың дұрыс емес бағытта екеніне «Шынында мүминдер бір-біріне бауыр...» (Хұжрат сүресі, 10-аят) деген секілді Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с) «Мүмин әрқашан кісі бойынан кемшілік іздемейді (мәселенің шығар жолын іздеп, мұсылман бауырына кешіріммен қарайды), ал, мұнафық болса әрқашан айып іздейді» деген хадистерімен нақты дәлелдер келтірген. Сондай ақ, «Е-Ислам.кз» сайты «ИШИМ-нің тарихы» деген екі жарым минуттық видео ролик жасаған. Онда бұл топтың Ирак пен Сирия жерінде, Сәләфтардың идеологиясына негізделгенін, олардың шариғат бойынша Ислам мемлекетін құрғысы келетінін, топтарына «Әль-Каида» ұйымын қосып, бірқатар жерлерді басып алғанын және әскері он мыңнан асып жығылатыны жайлы саясиланған діни ақпарат берген. Ал, осыларды толықтыру үшін «Сәләф және сәләфилік ұғымдары арасындағы айырмашылықтар» деп, аталатын материал жариялаған. Онда сәләф пен сәләфилік ұғымдарының шығуы, айырмашылықтары және қоғамға тиігізетін зияндарын айтқан. «Арбау технологиясы. ИШИР-дің құпиясы: Қатары қалай көбеюде?» деген зерртеу мақаласында содырлардың бірқатар қитұрқы әрекеттерін ашып жазған. Бұл жайында ИШИМ өз қатарластарын көбейту үшін әскерлерді жағдайы жоқ, ата-анасынан айырылған, өмірден түңілген адамдардың арасынан іздейді. Сондай адамдарды тауып, оларға бауырластық, дүние жайлы уағыздарын айтып көңілін аулай бастайды. Кейін өздерінің арасындағы жас қыздарға үйлендіреді. Өйткені, соғыста жүргенде әйел, бала-шағаңды қорғау үшін күресу керексің дейді. Бас тарта алмайды-ау деген уақытта оны соғысқа алып кетеді. Ал, олар соғысып жүріп көз жұматын болса, мәйітін сұрап келген ата-аналарына, туған-туысқандарына ақшаға сатады. Олар аят-хадистерді бұрмалап, өздерінің нәпсілеріне қарай сәйкестендіріп алады. Алайда, Алланың кітабын өзгерткендер ешқашан жақсылыққа жеткен емес деген секілді мәселелерді қозғаған.

Бірақ қазақ сайттарының діни сайттарға қарағанда, тақырыптарды көтеруде өзіндік ерекшелігі, басымдылығы бар десек те болады ол - сын. Діни порталдар дін тақырыбындағы, ондағы қызмет ететін қызметкерлер жайлы сыни мақалалар жарияламайды. Біз мұндай сарындағы жазбаларды кейбір қазақша сайттардан көріп жатамыз. Ондай сыни тұрғыдағы материалдардың біразы «Әзірет Сұлатан» мешітінің бас имамы болған Қайрат Жолдыбайұлының төңірегінде де жазылды. Мысалы, «Шын.кз» сайтындағы «Қайрат Жолдыбай оппозицияның көсеміне айнала ма?» деп, аталатын мақалада Қайрат Жолдыбай «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма намазында имамдыққа шықты. Барлығымыз құлшылығымызды жасап болған соң, имам дұғасында Жаңаөзендегі қаза болған шаһид бауырларымызға дегенде не істерімізді білмей қалдық. Сонда батыстағы көтерілісте қайтыс болғандардың барлығы Алла жолында болғаны ма? Қайрат Жолдыбайдың бұл дұғасын естіген адамдар шаһид боламыз деп жаңаөзендегі бүлікке барып қосылса не болады? Ал, Араб мемлекетінде оған сабақ берген ұстазы бүлік шығарған адам, деген секілді дүниелерді айтып салған еді. Осыдан кейін бұл ақпарат тарап, бірнеше БАҚ-ы оған тағы да басқа ақпараттарды қоса жазды. «Серке.орг» сайты да «Қайрат Жолдыбай неге оппозиционер атанды» деп, аталатын жаңалығында, жоғарыда жарияланған ақпаратқа қоса шынымен де елімізде діни оппозиционерлер көбейіп келе жатқанын, олардың біразының бағыттары анықталғанын және солардың бірі Қайрат Жолдыбайұлы болуы мүмкін екендігі жазылған еді. Сондан кейін, еліміздің бас мүфтиі Әбдісәттар Қажы Дербісәлі қызметінен кететін кезде де Қайрат Жолдыбайұлына байланысты түрлі пікірлер айтылған болатын. Ол туралы «Алтын-орда.кз» сайты «Мүфтилікке талас немесе Қайрат Жолдыбайұлы неге «оппозиционер» атанды» деген мақала шықты. Онда да Қайрат Жолдыбайұлының оппозиционер басшы мүфти болып кетпейді ма, ол қандай ағымда деген мағынадағы пікірлерді айта келіп, Қайрат Жолдыбайұлының мүфтилікті армандаған да емеспін, тіпті оған өзімді лайық деп есептемеймін деген секілді сөздерін бере кеткен.

Кейіннен мүфтилікке Қайрат Жолдыбайұлы емес, Ержан Маямеров болғанда да «Серке.орг» сайты «Діни басқармадағы «сұр кординалдар». Қайрат Жолдыбайұлының жолы бола ма?» деген мақала жариялаған. Материалда Қайрат Жолдыбайұлы бас мүфти бола алмай қалды. Дегенмен ол бас мүфтиге өз айтқанын істетете алады. 2018 жылы оның жасы 40 жеткенде ол орынға өзі отырады. Былайша айтқанда Қайрат Жолдыбайұлы В.Путин, Ержан Маямеров Д.Медведев деген болатын. Және бұл екеуімен қоса бас мүфтиге үміткер Серібай Ораздың, ҚМДБ-дағы, дін істеріндегі тағы басқа да саясаты туралы, дін қызметкерлерінің діни топтары жайлы жазған. Біраз уақыттан соң тағы да дәл осы сайтта «Қайрат Жолдыбайдың түбіне жеткен үш себеп» деген мақалада, тақырыпта аты айтылған адамның мүфти бола алмауына себеп болған нәрселер жайында жазылған. Алайда, бұл оқиғалардың барлығы біткенде «Қамшы.кз» порталында Қайрат Жолдыбайұлымен болған «Мен мүфтилік қызметті армандаған емеспін...» деген тақырыптағы сұхбаты шықты. Онда журналист ҚМДБ-ның жұмысынан бастап, әлеуметтік желідегі, мешіттегі тіпті жеке өміріне қатысты сұрақтарды сұраған. Оған Қайрат Жолдыбайұлы «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі кезеңнен басталған артындағы қауесеттердің өтірік екенін айтқан. Мысалы, жаңаөзенде қаза болған адамдарға дұға жасағанда оларды шәһид демеген. Тіпті ауызынан ондай сөз шықпағанына сол жердегі жамағат пен әрдайым түсіріліп отырған камера дәлел бола алатынын айтқан. Сонымен қатар, имамның айтуы бойынша ол ақпаратты таратқан журналист сол жұма намазында болғаны күмәнді дейді. Өйткені, журналист мақалада Қайрат Жолдыбайұлы жұма намазында имам болғандығын алға тартса, негізінде сол күні басқа біреу имамдыққа шыққан екен. Сондай ақ, жаланың астында қалған дін қызметкері ешқашанда мүфтилік қызметке ұмтылмағанын, кері ағымдағы жамағаттарға қатысы жоқтығын және бас мүфтиге ақыл үрететіп, оны басқару деген секілді нәрселердің барлығы негізсіз болып шыққан. Ал, жоқ жерден жала жапқан журналист ертен Алланың алдында да жауап беретінін Қайрат Жолдыбайұлы ескертіп өткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға