Жаңалықтар

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

Дохада өткен жаһандық додада соңғы он жыл ішінде қытайлық Зоу Шиминнен кейін кубалық екі екі боксшы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.
16.10.2015 10:24 3574

Катардағы кезекті әлем біріншілігі мәреге жетті. Бұған дейінгі чемпионаттарда алтынға қол жеткізіп жүрген Қазақстан құрамасы бұл жолы қос күмісті місе тұтты. Өкініштісі сол, сенім артқан Олжас Сәттібаев, Қайрат Ералиев, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов сынды саңлақтарымыз жартылай финалға жетпей жарыс жолынан шығып қалды. Көңілге медеу болатыны, Данияр мен Иван иеленген қос күміс. Әйтсе де, бұған да көңіл тоймайды.

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

Қош, сонымен Дохада өткен жаһандық додада соңғы он жыл ішінде қытайлық Зоу Шиминнен кейін кубалық екі екі боксшы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

Олар:

60 келі: Лазаро Алварес (Баку-2011, 56 кг, Алматы-2013, 60 кг, Доха-2015, 60 кг);
81 келі: Хули ла Круз (Баку-2011, Алматы-2013, Доха-2015);
Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

Бұл біріншілікте ешбір боксшы екінші мәрте әлем чемпионы атана алмады. Есесіне бірталай боксшы бірнеше дүркін әлем біріншілінің жүлдегерлерінің қатарына қосылды.

Олар:

52 келі: Ясвани Витея (Куба), Алматы-2013, қола; Катар-2015, күміс.
60 келі: Альберт Селимов (Әзербайжан), Чикаго-2007, алтын; Милан-2009, қола (екі медальды да Ресей құрамасында жүріп иеленді); Доха-2015, күміс (Бұл біріншіліктің финалында Альберттің қабағы жарылып, жеңіс техникалық нокаутпен қарсыласына берілді).
60 келі: Робсон Консейсао (Бразилия), Алматы-2013, күміс; Доха-2015 қола.
64 келі: Ясниэл Толедо (Куба), Баку-2011 күміс (60 келіде иеленді); Алматы-2013 күміс; Катар-2015, қола.
69 келі: Данияр Елеусінов (Қазақстан), Алматы-2013, алтын; Доха-2015, күміс.
81 келі: Джо Уард (Ирландия), Алматы-2013, қола; Катар-2013, күміс.
81 келі: Елшод Расулов (Өзбекстан), Милан-2009, күміс; Баку-2011, қола; Доха-2015, қола.
91 келі: Евгений Тищенко (Ресей), Алматы-2013, күміс; Доха-2015, алтын.
+ 91 келі: Иван Дычко (Қазақстан), Баку-2011, қола; Алматы-2013, күміс; Доха-2015, күміс.

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

49 келі. Бұл салмақта Қазақстан қоржынында жолдама бар. Әрі Азия чемпионатына қатысқан боксшымыз ширек финалға шыға алмағандықтан әлем біріншілігінің жолдамасын иелене алмады.

52 келі. Ұзақ уақыт ұлттық құрама сапынан  көрінбей кеткен Олжас Сәттібаевтың бабына келіп, 2014 жылдан бері үнемі жеңіске жеткені бапкерлердің оған деген сенімін арттырып еді. Кеше ғана Азия чемпионатын ұтқанда алақайлап едік. Өкінішке қарай, біз сенген Сәттібаев ширек финалда Қытай боксшынан айласын асыра алмады. Шын мәнісінде бұл кездесу тең дәрежеде өтті. Алайда, Сәттібаев жеңісті жұлып алмаған соң Қытай боксшысы Ху Цзяньгуаньның мерей үстем болды. 

56 келідегі Қайрат Ералиевтен де қайрат байқай алмады. Шын мәнісінде біздің елде оны алмастыратын боксшылар баршылық.

60 келіде олимпиадада ел намысын Берік Әбдірахмановтың қорғайтыны әу бастан белгілі. Сондықтан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Закир Сафиуллиннің Дохадағы жеңілісі ұлттық жолдама үшін кері әсер етпейді.

Ұлттық құрамада 64 келіде Мерей Ақшаловтың жетіспейтіні осымен тағы бір рет байқалды. Кезінде Ақшалов қолғабын шегеге ілмей тұрып, бапкерлер оны біраз уақыт ұстай тұруы керек еді. Өкінішті-ақ. Кезінде Сәпиев пен Елеусінов табысты өнер көрсеткен 64 келі салмақта біз әлі біраз уақыт жүлдеден тыс қалатынымыз анық.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Данияр Елеусіновті біз 2010 жылдан бері асыра мақтаумен келеміз. Соған қарай саңлақ боксшы сенімді ақтап жүр. Бастапқыда жеңілсе "ауырды, бабы келіспеді, төрешілер бұра тартты" деп ақтаушы едік. Тіпті, әлеуметтік желіде екі тараптың "айқасып" жататынын да көзіміз көрді. Енді міне, Даниярдың Баку мен Лондондағы жеңілістерінің қатарына Катардағы финал қосылды. Сүйікті боксшы марокколық Мұхаммед Рабилге қарсы тегеурінді қарсылық таныта алмады. Бірінші кезекте Данияр шаршы алаңға чемпиондық зор сенімділікпен шықты. Екіншіден, қарсыласты бағаламаған тәрізді. Шабуыл кезінде өз қорғанысын ашық қалдырды. Ал биыл Африка чемпионы атанған Мұхаммед болса аса сақтықпен шабуылдады. Қорғана жүріп соққы жұмсады әрі қарсыластың тегеурінін жоғары бағалады. Тактикалық әдіспен үш раунд бойы Елеусіновті тырп еткізген жоқ. Күш жағынан басым екендігі көрініп тұрды. Бұл жекпе-жек 2011 жылғы әлем чемпионатының финалын еске түсіреді. Сәпиев-Шелестюк кездесуінде тура осындай жағдай орын алып еді... Риода Елеусіновтен күтетініміз көп. Бірақ осы қателіктен сабақ алса жарар еді...

75 келі. Бір ауыз ғана сөз айта аламыз. Біз Жәнібек Әлімханұлынан осы уақытқа дейін "жұлдыз" ғана жасадық. Оның 2013 жылы украиналық Евгений Хитровтан санаулы секундта тұра алмастай болып ұтылғанын мүлде ұмыттық. 2013 жылы Алматыда өткен чемпионаттың ширек финалында румыниялық Богдан Журатониды ұтқанымен шын мәнісінде басым түспегенін есімізден шығардық. Азияда әлеуеті төмен боксшыларды ұтқанына марқайған күйі тағы да жеңіс күтіп жүре бердік. Рас, ол соққысы өте ауыр боксшы. Бірақ Азия чемпионатында балаң жігіт Миликузиевтен ұтылғанынан кейін толық әлеуеті байқалған еді...

81 келі. Әділбек Ниязымбетов Дохада бар шамасын көрсетті. Өзбекстандық Елшод Расуловты бұған дейін 3 рет ұтқан оның бұл жеңілісін кешіруге болады. Барын салып еді, ыңғайы болмады! Әйтпесе, ол Расулов кезінде олимпиада чемпионы Артаевты талай рет сан соқтырғаны көз алдымызда. Бұл сол Елшод Расулов!!!  

91 келі. Василий Левиттің қолында олимпиада жолдамасы бар. Сондықтан ол үшін бұл чемпионатта жоғалтатын ештеңе де жоқ. Ол үшін Катардағы чемпионаты әлеуетін байқастайтын жарыс қана. БАсым түскен украиналық Геворг Манукянды біз Васядан мықты дей алмас едік.

+91 келі. Аса ауыр салмақтағы Иван Дычконың шаршы алаңдағы шабуылы "ұяттау" болды. Күтпеген жерден франциялық Тони Иокаға ұтылды да қалды. Жалпы, Иван көңіл-күйдің боксшысы. Қаласа ұтады, көңіл-күйі болмаса жүреді де қояды. Даниярдың жеңілісінен кейін ол психологиялық тұрғыда ақсап шыққандай. Тониды еркін ұтатындай әлеуеті бола тұра, барын салмағаны түсініксіздеу. 

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

2009 жылы Миландағы чемпионаттан жалғыз қоламен қайтқанымызды ұмытпауымыз керек. Дегенмен, екі жыл бұрын 4 алтын алған құраманың Катарда қос күміспен қайтқанына сене алар емеспіз. Қайта өзгелер менсіне қоймайтын өзбек боксшылары Катардан үш күміс, үш қола медальмен қайтты.

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

P.S. 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Данияр Елеусінов пен Иван Дычко финалға шығып, күміс жүлдегер атанған еді. Арада жеті жыл өткенде сол көрсеткіш қайталанды.

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

Әлем чемпионаттарындаға Қазақстан боксшыларының көрсеткіштері:

1993 жыл, Тампер, Финляндия:

Василий Жиров, қола 81 кг;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

1995 жыл, Берлин, Германия:

Болат Жұмаділов, күміс ,51 кг;
Василий Жиров, қола, 81 кг;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

1997 жыл, Венгрия, Будапешт:

Болат Жұмаділов, 51 кг, қола;
Ермахан Ыбырайымов, 71 кг, күміс;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

1999 жыл, Хьюстон, АҚШ:

Болат Жұмаділов, 51 келі, алтын;
Ермахан Ыбырайымов, 71 келі, кола;
Мұхтархан Ділдәбеков,  +91 келі, күміс;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

2001 жыл, Белфаст, Солтүстік Ирландия:

Галиб Жафаров, 57 келі, күміс;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

2003 жыл, Бангкок, Тайланд:

Галиб Жафаров, 57 келі, алтын;
Геннадий Галовкин, 75 келі, алтын;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

2005 жыл, Маньян, Қытай:

Серік Сәпиев, 64 келі, алтын;
Ердос Жаңабергенов, 81 келі, алтын;
Біржан Жақыпов, 48 келі, қола;
Мират Сәрсембаев, 51 келі, қола;
Бақтияр Артаев, 69 келі, қола;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

2007 жыл, Чикаго, АҚШ:

Серік Сәпиев, 64 кг, алтын;
Бақтияр Артаев, 75 келі, қола;
Еркебұлан Шыналиев, 81 келі, қола;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

2009 жыл, Милан, Италия:

Серік Сәпиев, 69 келі, қола;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

2011 жыл, Баку Әзірбайжан:

Серік Сәпиев, 69 келі, күміс;
Әділбек Ниязымбетов, 81 келі, күміс;
Ғани Жайлауов, 60 келі, кола;
Иван Дычко, + 91 келі, қола;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

2013 жыл, Алматы, Қазақстан:

Біржан Жақыпов, 49 келі, алтын;
Мерей Ақшалов, 64 келі, алтын;
Данияр Елеусінов, 69 келі, алтын;
Жәнібек Әлімханұлы, 75 келі алтын;
Әділбек Ниязымбетов, 81 келі, күміс;
Иван Дычко, + 91 келі, күміс;
Қайрат Ералиев, 56 келі, қола;
Берік Әбдірахманов, 60 келі, қола;

Катарда өткен бокстан әлем чемпионатын қорытындылау

2015 жыл, Доха, Катар:

Данияр Елеусінов, 69 келі, күміс;
Иван Дычко, + 91 келі, күміс;

Авторы: Жанкелді Қаржан 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға