Жаңалықтар

Каспий жағалауында екі күннен бері қамыс өртеніп жатыр

Каспий жағалауында екі күннен бері қамыс өртеніп жатыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 03.03.2024 15:17 727

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында екі күннен бері қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 100 гектар алқаптағы қамыстың жануы 2 наурызда сағат 15:45-те Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде, Құрманғазы орманшылығының аумағында болған.

Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, орман шаруашылығы мен әкімдіктің техникасын пайдаланып 36 адам өрт сөндірді.

Төтенше жағдайлар минстрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, Каспий жағалауындағы отпен күрес әлі де жалғасуда.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру батпақты және тығыз жерлер мен өсімдіктердің әсерінен қиынық тудыруда. Бұл арнайы техниканың өтуіне кедергі жасайды, - деп хабарлады министрлік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға