Каспий жағалауынан отызға жуық итбалық пен бекірелер табылды
Фото: Балық шаруашылығы комитеті
Фото: Балық шаруашылығы комитеті
15.10.2023 18:25
825
Бүгін таңертең Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданында Баутино ауылының маңында 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 дана бекіре тұқымдас балықтарды тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.
Табылған теңіз жануарлары мен балықтардың өлекселері әр түрлі дәрежеде ыдыраған, бұл олардың өлімі әр уақытта болғанын көрсетіп отыр. Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, осы факт туралы жұмыс тобының барлық мүшелері хабардар етілді.
Итбалық табылған жердегі жұмыс тобын Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары басқаруда. Қазіргі уақытта жұмыс тобының қалған мүшелері су, ауа, топырақ сынамаларын алу үшін және мүмкін болса, өлі жануарлар мен балықтардың тіндерінен сынамалар алу үшін келеді деп күтілуде. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің жойылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Қазақфильм» жабыла ма? Министр жауап берді