©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ

Каспий теңізіне үрмелі матраспен шығып, жоғалған үш қыз іздестіріліп жатыр

25.07.2023 10:37

Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде Каспий теңізіне үрмелі матраспен шыққан үш қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз:

"Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Полиция департаменті күштерімен 24 шілде күні үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы да қосылды. Іздеу жұмыстарының нәтижелері қосымша хабарланатын болады" делінген хабарламада.