Каспий теңізінде Конституция күніне орай кемелер шеруі өтті
30.08.2025 21:44
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Ақтауда Каспий теңізінде ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай кемелер шеруі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған шара «Mangystau Project» ЖШС мен Parasailing Aktau клубының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.
Шеру қалалық жағажай пирсінен басталып, Каспийдің көгілдір айдынында қатар тізілген 15 кеме жағалау бойымен жүзіп өтті. Жиналған жұрт кемелердің шеруін тамашалады. Іс-шараға ата-аналарымен бірге қатысқан балалар да мереке сезіне алды.
Катерлер «Астана» сауда орталығына дейін жетіп, одан кейін кері бағытта жүзді. Бұл көрініс Конституция күнінің мән-маңызын айшықтап, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

