Жаңалықтар

Каспий теңізінде 62 өлі итбалық өлексесі табылды

Каспий теңізінде 62 өлі итбалық өлексесі табылды
Фото: АШМ Балық шаруашылығы комитеті 29.03.2024 16:48 805

29 наурызда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында өлі итбалықтардың ұшасын тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.

Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті өлі итбалықтар табылған жерден су сынамасын алды.

2024 жылдың 29 наурызында сағат 15-00-дегі жағдай бойынша 62 өлі итбалық өлекселері табылды.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.

Ақпарат түскен сайын жаңартылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға