Жаңалықтар

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысы өтті

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысы өтті
Фото: gov.kz 25.10.2024 02:28 574

Тараптардың уағдаластығы бойынша Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының тоғызыншы отырысы өтті (ЖДЖТ), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келіссөздерге Әзербайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Алиреза Джахангири), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Михаил Петраков) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мурат Атаджанов) делегациялары қатысты.

Отырысқа қазақ делегациясының басшысы Зүлфия Аманжолова төрайымдық етті.

Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды.

Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің Түрікменстандағы кезекті кездесуіне дайындық мәселелерін, сондай-ақ бесжақты құжаттар жобалары бойынша келіссөздер үдерісінің барысын талқылады.

Делегациялар Қазақстан Республикасына кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді.

ЖДЖТ келесі отырысы Түрікменстанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға