Жаңалықтар

Кәсіпкерлер дұрыс жұмыс істесе, ешкім айыппұл салмайды - Еділ Жаңбыршин

Кәсіпкерлер дұрыс жұмыс істесе, ешкім айыппұл салмайды - Еділ Жаңбыршин
Фото: t.me/mazhilis_kz 04.12.2024 17:48 220

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қомақты айыппұлдар үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен де осы нормаға байланысты өзімнің пікірімді айтқым келеді. Жалпы медалдің екінші жағы бар. Оны да ұмытпауымыз керек. Ең басты мәселе  - біздің Конституциямызда жазылған бірінші бап бар. Бұл адамның өмірі мен оның денсаулығы және оның құқығы деген норма. Соны біз қорғауымыз керек. Яғни, бұл жердегі мәселе жаңа айтып отырған қолданыстағы норманы азайту айыппұлтарды. Енді бұл неге апаруы мүмкін, егер біз оны азайтсақ ? Мына цифрға көңіл аударайық. Бұл мәселені өткенде Бюрода осы мәселе талқыланғаннан кейін мен де зерттегенмін, - дейді депутат.

2023 жылы сәуір айында жергілікті атқарушы органдардан мемлекеттік қадағалау Үкіметке берілген. Осы арада бүгінге дейін кәсіпкерлерге 1059 әкімшілік шаралар қолданған.

Бірінші рет Заңды бұзғаны үшін. Бұл қандай Заңды бұзушылар? Өздеріңіз жақсы білесіздер, көбіңіз жергілікті жерде жұмыс жасадыңыздар. Бұл - бағаны дұрыс қоймау, бағаны тіпті қоймау немесе сөрелердегі тауарлардың бағасын азайтатын акциялар жазып қояды. Мысалы 50 пайызға деп, бірақ кассаға келген уақытта басқа бағаны алады. Және мерзімі өтіп кеткен тауарларды сату, немесе техникалық регламентке сәйкес келмейтін тауарларды сату деген көптеген құқық бұзушылық, біздің тұтынушылардың біріншіден құқын бұзады, екіншіден сауда ережесін бұзып отыр. Осындай кәсіпкерлер біздің арамызда бар. Міне, бұл норма соларға арналған.

Егерде ол екінші рет қайталанатын болса, оның айыппұлы үлкейеді. Енді қараңыз сол 1059 айыппұлдан кейін, әртүрлі әкімшілік шаралардан кейін екінші рет бұзғандардың саны күрт өзгеріп кеткен, азайып кеткен. Бар болғаны 47 факт. Яғни, бұл норма жұмыс жасап жатыр деген сөз. Енді қызықты қараңыз. Әлемдік практиканы қарайық. Британияда Бирмингем қаласында TESCO деген компания 400 грамм клубниканың бағасын дұрыс қоймай 500 мың долларға айыппұлталды. Чехияда пиво сататын Билль деген компания  сөреде басқа баға, кассада басқа баға, оны алады да 280 мың кронға айыппұл салады. Бұл біздің бағамен қазіргі курспен есептегенде 6 млн-ның үстіндегі ақша.

Біліп отырсыздар ма, бұл тек біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл Еуропада, бүкіл озық мемлекеттерде осындай,  тұтынушының құқығын шектеген немесе оның құқығын бұзған компаниялардың бәріне, кәсіпкерлерге үлкен айыппұлтар салады. Біз ең бірінші кезекте әділ қоғам дейтін болсақ, онда тұтынушыны қорғауымыз керек. Неге? Қазір кәсіпкерлер көп айыппұл төлейді,- дейді. Қараңыздар, үлкен супер, гипер маркеттерде әлеуметтік маңызы бар, картоп болсын, ұн болсын, шекер болсын, күріш болсын соған 20 теңге, 30 теңгеден немесе 20, 30 пайызға  бағасын көтереді,  жаңа Базарбек Бақытжан дұрыс айтты, қу кәсіпкерлер. Солар жаңағы бағаны қойып қойып, қаншама мыңдаған адам ай сайын сол жеррден өтеді. Олар содан миллиондаған негізсіз пайда тауып отыр ғой. Біз ол жағын да қарауымыз керек. Сонда олар кімді алдап отыр?, - дейді мәжілісмен. 

Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан өте қорғалмаған біздің азаматтарымызды зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар солар бірінші  түсіп қалады ғой.

Сондықтан, құрметті біздің әріптестер! Бұл норма қазіргі таңда өзінің нәтижесін беріп тұр, оны біз әлде де қарауымыз керек, қазір асығыстыққа бару қажет емес. Себебі, мынадай бір мәселе бар, кәсіпкер жақсы жұмыс жасайтын болса, ол заңды бұзбайтын болса, ол неден қорқады? Сен ештеңені бұзба, бағаны дұрыс қой, әділ жұмыс жаса, ашық жұмыс жаса,сапалы заттарды сат, сонда ешкім айыппұл салмайды ғой. Ал егерде сен бұздың ба, онда мемлекет алдында, халықтың алдында жауап бер. Сен таза жұмыс жаса, сен алдама елді, біліп отырсыздар ма, бағаны өзгертпе сен, мобильді топ келеді басқа баға, мобильдік топ кетеді басқа баға. Бүкіл ел болып, қоғам белсенділері болып, депутаттар болып, әкімшілік болып, осы мәселені реттейміз деп жүр , ал олар отырып алады да халықты осылай қанайды. Мен солай деп есептеймін. Сондықтан, бұл норма қажет, біз сондай үлен мәдениетке жеткенге дейін, тіпті сондай мәдениетке жеткен Англияның өзі солай бүлдіріп отыр. Сондықтан, кәсіпкерлер дұрыс жұмыс істесе, оларға ешкім айыппұл салмайды. Дұрыс жұмыс жаса, ешқандай сендерге сұрақ болмайды, - дейді Еділ Жаңбыршин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға