Қарабалықта бопсалаушы блогер ұсталды. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде айыптаушы материалды жариялаймын деген бопсалау мен қорқытуды қолдана отырып, ол кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша қаражатын бопсалаған.
Өткізілген жедел іс-шаралар барысында прокуратурамен бірлесіп блогер Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталды. Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

