Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижесінде доллар бағамы біршама қымбаттады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасының орташа бағасы 1,69 теңгеге өсіп, 525,28 теңгеге жетті. Ал Ұлттық банктің ресми бағамы- 523,58 теңге болып белгіленді.
Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындарында:
- Доллар - сатып алу бағасы шамамен 526,24 теңге, сату бағасы 528,02 теңге шамасында;
- Еуро - 606,96 - 611,36 теңге аралығында;
- Рубль - 6,39 - 6,50 теңге деңгейінде;
- Юань - сатып алу бағасы 74,09 теңге, сату бағасы 76,62 теңге.
Ал Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде валюта бағамдары мынадай:
- доллар: сатып алу - 523,40 теңге, сату - 530,40 теңге;
- еуро: сатып алу - 603,39 теңге, сату - 613,39 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,34 теңге, сату - 6,49 теңге;
- юань: сатып алу - 74,91 теңге, сату - 78,97 теңге.
Еске сала кетейік, 10 қарашадағы сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа бағамы 2,27 теңгеге арзандап, 523,58 теңге болған еді. Алайда жаңа аптада ұлттық валюта сәл әлсіреп, америкалық валютаның бағамы қайта көтерілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

