Қарқаралы туралы көп естідім. Оның әдемі таулары, мистикаға толы Шайтанкөл, табиғаты туралы әңгімелер ұнайтын. Былтыр
Шыңғыс Әбдіразақ досымның Қарқаралыға сапары жайлы оқығам. Содан кейін биылғы демалысымда қалай болғанда да баруым керек деп шештім. Ақыры Оңтүстіктен мың жарым шақырым кесіп келеді екенмін, бір ғана Қарқаралымен шектелмей, бағдарыма Баянауылды да қосайын дедім. Сонымен кезекті еңбек демалысым басталған бетте жолға шықтым.