ҰОК

Карина Ибрагимова жартылай финалға өте алмады

10.09.2025 23:37

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Юлия Шереметамен (Польша) кездесті. 

ҰОК мәліметінше, отандасымыз алғашқы раундта басым түсті. Дегенмен польшалық боксшы екінші және үшінші үш минуттықта тізгінді қолына алды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы Польша боксшысы Джулия Сереметаға 3:2 есебімен жол берді.