Карина Ибрагимова әлем чемпионатын жеңіспен бастады
07.09.2025 22:42
Фото:
ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Карина Ибрагимова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда. Карина бұл кезеңде Элис Глинмен (Ұлыбритания) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.
Бүгінгі күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) алғашқы кездесуде жеңіске жетті.
Сондай-ақ, кеше ерледен Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Бейбарыс Жексен (60 кг) табысты өнер көрсетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

