Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс Жоғарғы сотқа түспегенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Назгүл Рахметуллина рақымшылық мәселесін сот шешпейтінін атап өтті.
Бүгінгі таңда Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс Жоғарғы сотқа түскен жоқ. Рақымшылықты Жоғарғы сот шешпейді, - деп жауап берді Рахметуллина Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің қойған сұрағына.
Еске сала кетейік, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап өтініш жолдаған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

