Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов жазасын өтейтін қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстырылмаған

Кәрім Мәсімов жазасын өтейтін қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстырылмаған
Фото: Кәрім Мәсімов 11.07.2023 17:31 1768

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин режим жеңілдетілгеннен кейін қауіпсіздігі орташа мекемеге әлі күнге дейін ауыстырылмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, айыпталушы (тергеуде) үкім заңды күшіне енгенге дейін аралас күзет мекемесінде ұсталады. Қазіргі уақытта Мәсімов, Садықұлов және Ерғожинды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне әрі қарай жазасын өтеу үшін жіберу жүргізілген жоқ, - деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Оқи отырыңыз:

Айта кетейік, 16 маусымда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сатысы К. Мәсімов, А. Садықұлов, Д. Ерғожин, М. Осипов және олардың қорғаушыларының шағымдары бойынша «өте құпия» деген белгімен қылмыстық істі қайта қарады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 24 сәуірдегі үкімімен К. Мәсімов пен А.Садықұлов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 және 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ерғожин Д. Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осипов М. Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Апелляциялық саты К.Мәсімовке, А. Садықұловқа және Д. Ерғожинге қатысты соттың бірінші сатыдағы «жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтеу» үкімін «орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жазасын өтеу» үкіміне өзгертті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға