Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов шығарылған үкімге қатысты апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Апелляциялық шағым түсірілді, бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түскен жоқ. Іс «аса құпия» белгісімен қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды, - деп мәлімдеді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Кәрім Мәсімовтің орынбасарлары да апелляциялық шағым түсірген.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК бұрынғы төрағасы 18 жылға сотталған. Сондай-ақ, Мәсімовтің экс-орынбасарлары А.Садықұловқа, Д.Ерғожинге, М.Өсіпов 16, 15 және 3 жылға сотталды.
Сотталушылардың барлығы генерал атақтарынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

