Карим Бенземаның Сауд Арабиясында қанша жалақы алатыны анықталды
15.06.2023 21:47
Фото:
instagram.com/karimbenzema
FootMercato порталы француз футболшысы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубында қанша ақша табыс табатынын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Басылымның мәліметінше, Бенземаның клубтағы жалақысы жылына 30 миллион долларды құрайды. Бұған футболшының суретін қолдану құқығы қосылмаған. Келісімшарт үш маусымға жасалған болатын.
Бұған дейін Бензема 2009 жылдан бері «Реал Мадридте» ойнады.
Карим – «Алтын доптың» қазіргі иегері. Ол өз мансабында француздың «Лион» клубында да өнер көрсеткен.
Ұлттық құрама команда сапында 2007-2022 жылдар аралығында алаңға шығып, 97 матчта 37 гол соқты. Желтоқсан айында ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын жариялады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

