©Pixabay.com

Кардиолог жүрек жұмысын жақсартатын әдісті атады

Жүрек аурулары тек кеудедегі ауырсынумен емес, басқа да белгілер арқылы байқалуы мүмкін. Бұл туралы Sohu басылымына Әуе күштері медициналық университетінің Танду ауруханасы кардиология бөлімінің бас дәрігері Ли Янь хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Маманның айтуынша, жүрек дертін іштің немесе тістің ауыруы да меңзеуі мүмкін. Сондай-ақ ол соңғы жылдары жүрек-қан тамырлары ауруларының жасарып келе жатқанын атап өтті. Дәрігердің сөзінше, жүрек денсаулығын сақтау үшін оған қауіп төндіретін факторларды анықтап, алдын алу қажет. Тұқымқуалаушылықты тоқтату мүмкін емес, алайда бақылауға болатын факторларға назар аудару аса маңызды.

Ли Янь ең алдымен темекіні тастауды және қандағы қант деңгейін бақылауда ұстауды ұсынды. Бұдан бөлек қимыл-қозғалыстың аздығы, тұзы, майы мен қант мөлшері жоғары тағамдар, ұзақ уақыт шамадан тыс алкоголь ішу, сондай-ақ жүйкелік күйзеліс те жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсерін тигізетінін ескертті.